Артқа
Teach For All уоркшоптары
08.06.2023

Teach for All өкілдері Қазақстанға сапарының барысында Қор қызметкерлерімен және Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қонақтармен воркшоптар өткізген болатын. Ал бүгін біз дәрістер мен семинарларда айтылған ой, пікірталастар мен инсайттар туралы егжей-тегжейлі айтқымыз келеді.

Воркшоп тарауларының біріншісі "Стратегиялық айқындық" - Strategic clarity деп аталды.
Нақты айтқанда, тұжырымдамаға сүйенсек, ұйымның барлық қызметкерлерінің болашаққа деген көзқарасы ортақ болуы тиіс, олардың барлығы елінің өткені мен бүгінін айқын білетін және ұйымның құндылықтары мен жоспарлары аясында жұмыс жасайтын адам болуы керек.
Инсайт: мықты жоба жасау үшін ұжымды рухы, құндылықтары және миссиясы бір адамдардан құру қажет

"Балаларға тілейтін жарқын болашаққа жергілікті контекстті терең түсінетін, нақты көзқарасы мен тиімді стратегиясы бар ұйымдардың қол жеткізетін мүмкіндігі басқаларға қарағанда молырақ болып табылады" - Teach For All
Жаттығу: тыңдаушыларға болашаққа немесе өткенге жібере алатын және кез келген нәрсені өзгерте алатын уақыт машинасын елестету ұсынылды. Осылайша, воркшоп қатысушылары өздерінің ішкі мұңы, үміттері мен тілектері тақырыбына тоқталып, басқалардың да ойын тыңдады.
Инсайт: жаттығу барысында воркшоп қатысушылары адамдардың өз контексіне байланысты ойлайтына көз жеткізді. Кез келген команда бірлесіп жұмыс істеген кезде облыстың/елдің жағдайын анықтауға болатыны, соның негізінде А) негізделген шешімдер қабылдауға б) тараптардың мүдделерін келістіруге (мысалы, біздің жағдайда бұл TFQ кандидаттары, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ әлемі және демеушілер) в) ықпал етуге тырысуға (білім берудегі теңсіздік мәселесін шешуге) болатыны сипатталды. Аталған қадамдар Teach for All Стратегиялық айқындық тұжырымдамасынан туындайды.

Teach for All ұйымы секілді біз де
- Қазіргі жағдай
- Өзгеріс теориясы
- Оқушылардың болашағы туралы көзқарас
қадамдарын іске асырамыз.
Бұл не деген сөз? Жалпы, мәселені ең басында анықтап алу өте маңызды, себебі оны мойындау сәтті жұмыстың жартысы деп жатады. Ұйымымыз үшін бұл – білім берудегі теңсіздік мәселесі.
Бізде оқушылардың болашағы туралы белгілі бір көзқарас бар, әр бала өзінің жағдайымен шектелмей (инфрақұрылымның осалдығы, әлеуметтік факторлар, өзіне деген сенімнің болмауы және т.б.)., әлеуетін толықтай аша алса екен деген үміт бар.
Бұған қалай қол жеткізуге болады? Мұндағы “Өзгерістер теориясы” атты тұжырымдама – өзгерістерге қалай жетуге болатындығы туралы қадамдық нұсқаулық деп айтуға болады. Мысалы, биыл біз жобаны Қарағанды облысынан бастаймыз, қатысушыларымыздың саны онша көп емес, бірақ әрбір жаңа ағыммен қамтылған өңір саны да, серіктес мектептер саны да, бей-жай қарамайтын адамдар саны да арта түседі. Осылайша, мәселеге бей-жай қарамау тізбегі көбірек адамның санасына қол жеткізуге көмектесіп, осы арқылы білім беру теңсіздігі мәселесін өз күшімен шешетіндердің саны да артады. Біз мұндай қауымдастықты Көшбасшылар қауымдастығы деп атаймыз, олар – басқаларды өзінің оптимизмі мен энергиясымен шабыттандыратын, мақсаттарына жету үшін маңызды нәрсе жасайтын адамдар.

Воркшоптар барысында рефлексия өте көп болды, қатысушылар шағын топтарға немесе жұп боп бөлініп, келесі сұрақтарға жауап берді:
- Балалық шағыңызда өскенде кім болам деп армандап едіңіз?
- Егер кез келген нәрсенің сәтті аяқталатынын білсеңіз, не істейтін едіңіз?
- Елімізге қандай болашақ тілейсіз?
Бұл сұрақтар тыңдаушыларды өздерінің әлеуеті, өмір жолы, ұмытылған армандары және оған жету жолындағы кедергілер туралы ойларға итермеледі. Ал "Болашақта балаларымыз үшін не қалаймыз?" атты сұрақ рефлексияның негізгі месседжі болды. Яғни, біздің Student vision қандай? деген ойға әкелді.

"Біз оқушылардың өз ойларын еркін айта алуын, өздерін қауіпсіз сезінуін қалаймыз. Біз балалардың кез-келген хоббимен, зерттеумен айналысуға мүмкіндіктері болғанын қалаймыз... Біз олардың өз қажеттіліктерін сұраудан қорықпағанын қалаймыз! Біз оқушылардың қызығушылық танытып, мектепке бар ықыласымен барғанын қалаймыз. Біз балалардың өздеріне ұнайтын мамандықты таңдай алғанын қалаймыз!" және тағы тағысы... Ал сіз не деп жауап берер едіңіз?
Осы жауаптардың барлығын Teach for All ұйымының көп жылдық тәжірибесіне сәйкес әр баланың бақытты болашағын бейнелейтін кестеде көрсете аламыз. Яғни, біз жиі айтатын балалардың жарқын болашағы – еркін, өз ойы қалыптасқан және дамыған Тұлға тәрбиелеу.

Мүмкін, кейбіреулер біздің жазбаларымызда тым күрделі, түсініксіз ой немесе тым көп философия бар деп ойлауы мүмкін. Иә, шынымен солай шығар, бірақ адамның қалыптасуы мен тәрбие механизмі – күрделі ғылым, ал білім – өркениеттің тірегі, бұл ешқашан оңай тақырып болмаған. Біз өз ісіміздің барлық жауапкершілігін түсінеміз және ортақ іске салмақты қараймыз. Осындай білім алмасу аудиториямызға жақындауға көмектеседі деп сенеміз! Бізге сұрақ қою, достарыңызбен және әріптестеріңізбен материалдарымызды талқылау – пікірлес адамдардың қауымдастығының дамуына әкеледі!

Фотолар Teach for Qazaqstan ҚҚ тиесілі

Последние новости

05 шіл. 2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті. Бұл кеште бізбен бірге 1 және 2 лек қатысушылары, бағдарламаның командасы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ қымбатты қонақтарымыз – спикерлер, білім саласындағы сарапшылар мен Қордың достары болды...