Жария оферта келісімшарты
Қайырымдылық көмек көрсету келісімшартын жасасу туралы жария электронды оферта
Осы оферта жеке және заңды тұлғаларға арналады және Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1 ғимаратында орналасқан, пошталық индексі 010000, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Салмен Г.И. болып табылатын «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорының (бұдан әрі – «Қор») келесідей шарттармен қайырымдылық көмек көрсету туралы келісімшарт жасасуға ресми жария ұсынысы болып табылады:
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396 бабына сәйкес, осы жария офертаның шарттарын толық әрі бұлтарыссыз қабылдау (акцепт) жеке немесе заңды тұлғаның Қор есепшотына кез келген ақша сомасын (теңгемен) осы жария офертаға (бұдан әрі – «Ұсыныс») сәйкес және соның негізінде қайырымдылық көмек ретінде аудару болып саналады.
Осы Ұсыныста қолданылатын түсініктер:
Қайырымдылық жасаушы – ерікті түрде әрі үшінші тұлғалардың құқықтарынан азат, өзінің меншікті ақша қаражаттары есебінен осы Ұсынысты акцептеу және Қор пайдасына қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлға физическое;
Қайырымдылық көмек – Қайырымдылық жасаушы Қор пайдасына осы Ұсынысқа сәйкес және соның негізінде аударған кез келген ақша сомасы (теңгемен);
Банктік шот – Қайырымдылық жасаушы Қор пайдасына Қайырымдылық көмек көрсеткен кезде пайдаланылуы тиіс және осы Ұсыныстың 3.1-тармағында көрсетілген реквизиттері бар Қордың Банктік есеп-айырысу шоты;
QR-код - Kaspi.kz қосымшасындағы («Төлемдер» айдарында → Қайырымдылық) қызмет, ол арқылы Қайырымдылық жасаушы Қор пайдасына Қайырымдылық көмек көрсете алады.
- Қордың мәртебесі мен мақсаттары
1.1. Жарғыға сәйкес, Қордың мәртебесі мен мақсаттары:
1.2. Қор Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар» туралы Заңына, Қазақстан Республикасы «Қайырымдылық туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өз құрылтай құжаттарының негізінде құрылып, әрекет етеді.
1.3. Қор деп азаматтар құрған, мүшелігі жоқ, коммерциялық емес ұйым танылады. Қор өз Жарғысында айқындалған білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды жүзеге асырады.
1.4. Қор өз қызметін өзін-өзі басқару, еріктілік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Қор қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылмайды. Қор қызметінен алынған барлық кірістер оның жарғылық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталады.
1.5. Қор қызметінің мақсаты – білім беру саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру арқылы білім беру теңсіздігін азайту, балаларға заманауи білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, мектептердің жүйелі және стратегиялық дамуына, сондай-ақ педагогикалық құзыреттердің дамуына ықпал ету.
1.6. Қор қызметінің мәні:
1) Қазақстанның мектептегі білім беру жүйесін трансформациялауға арналған үлгілік шешімдерді әзірлеу, енгізу және іске асыру;2) мектептерге заманауи педагогикалық тәжірибелер мен технологияларды енгізу;
3) педагогикалық мамандыққа колледждер мен жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін, сондай-ақ түрлі кәсіби салалардың мамандарын тарту;
4) оқыту семинарларын, тренингтерді, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдерді, симпозиумдар мен форумдарды ұйымдастыру және өткізу;
5) әртүрлі кәсіби салалардан педагогикаға келген көшбасшылар мен өзгеріс агенттерінің қауымдастығын қалыптастыру;
6) жергілікті кәсіби қауымдастықтарды дамыту үшін қоғамдық ресурстарды іздеу және біріктіру;
7) халықаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
8) Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі қорлармен және өзге де ұйымдармен байланыстар орнату және кеңейту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ осындай қорлардың қызметін реттеу және жүзеге асыру жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу және тарату;
9) нақты бағдарламаларды, жобалар мен бастамаларды әзірлеу және іске асыру үшін қаржылық және қаржылық емес көмек пен қолдау көрсету;
10) тәуелсіз сарапшыларды, ғалымдарды, зерттеушілерді, кәсіпкерлерді және қоғам қайраткерлерін тарта отырып, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және бағалау;
11) жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін қайырымдылық қаражаттарын тарту және пайдалану;
12) жарғылық мақсаттар мен міндеттер шеңберінде білім беру және консалтингтік жобаларды іске асыру.
2. Мәні
2.1. Қайырымдылық жасаушы жеке өзі және өтеусіз Қорға үшінші тұлғалардың құқықтарынан азат ақшаны Ұсыныстың 3-тармағына сәйкес, Қордың Банктік реквизиттерін пайдалана отырып, оның шотына аудару және/немесе Kaspi.kz қосымшасындағы QR-код арқылы қайырымдылық көмек ретінде береді, ал Қор оларды Жарғысындағы мақсатқа және қызмет мәніне қатаң түрде сәйкес етіп жұмсауға міндеттенеді.
2.2. Қайырымдылық жасаушы Kaspi.kz қосымшасындағы QR-код арқылы аударған кезде Қайырымдылық көмек төлем жүйесімен жүйе шоттарында жинақталады да, әрі қарай ақша қаражаттары Қордың Банктік шотына түседі. Қордың Банктік шотына аударылатын ақша қаражаттарынан электронды жүйе 0,01% мөлшерінде комиссия ұстайды. Қорға түскен ақша қаражаттарының сомасы Қайырымдылық жасаушы аударған Қайырымдылық көмегінен төлем жүйесі алатын комиссияны шегергендегі көлемге тең болады.
2.3. Қордың Банктік шотына ақша түскен сәттен бастап Қайырымдылық көмек көрсетілген, ал Қордың Жарғысында көзделген мақсат пен қызмет мәні шеңберінде қайырымдылық көмек толық игерілген сәттен бастап Қордың міндеттері орындалған боп саналады.
2.4. Қайырымдылық жасаушы Қордың Қайырымдылық көмекті қолдануына мерзім белгілемейді.
2.5. Осы Ұсыныстың шарттарын қабылдай отырып, Қайырымдылық жасаушы Қайырымдылық көмектің ерікті әрі өтеусіз сипатын растайды.
- Қайырымдылық көмек көрсету тәртібі мен шарттары
3.1. Қайырымдылық жасаушы Қайырымдылық көмекті тек қана теңгемен Kaspi.kz қосымшасындағы QR-код арқылы және/немесе төменде көрсетілген реквизиттер бойынша Қордың Банктік шотына аударады:
|
Алушы (бенефициар): |
«Teach for Qazaqstan» қоғамдық қоры |
|
БСН |
220940043269 |
|
Банк |
«Қазақстан Халық Банкі» |
|
БСК |
HSBKKZKX |
|
ЖСК |
KZ23601A871006507361 |
|
БеК |
18 |
|
ТМК |
119 |
3.2. Қайырымдылық жасаушының Қайырымдылық көмекті QR-код арқылы және/немесе Қордың Банктік шотына аударуы осы Ұсынысты акцептеу болып саналады.
3.3. Ақша қаражаттары Қордың Банктік шотына түскен сәттен бастап олар Қорға берілген болып саналады.
- Дауларды шешу
4.1. Тараптар арасында осы Ұсыныстың мәтінінде көзделмеген сұрақтар бойынша туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады.
4.2. Даулы мәселелер келіссөздер барысында шешілмеген жағдайда барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте реттеледі.
- Қорытынды ережелер
5.1. Осы Ұсыныспен көзделген әрекеттерді жасай отырып, Қайырымдылық жасаушы осы Ұсыныстың шарттарымен және мәтінімен, Қордың мақсатымен және қызметінің мәнімен танысқандығын, өз әрекеттерінің мағынасын ұғып жатқандығын, оларды жасауға толықтай құқылы екендігін және осы Ұсыныстың шарттарын толықтай қабылдағандығын растайды.
5.2. Қайырымдылық жасаушы осы Ұсынысты акцептей отырып, жеке деректерінің өңделуіне келісім береді, бұл ретте Қор Қайырымдылық жасаушылар жайлы ақпаратты сақтамайды.
5.3. Қор Ұсынысқа сілтей отырып, Ұсыныста көзделгеннен өзге де жолдармен қайырымдылық көмек көрсету туралы келісімшарттар жасасуға құқылы. Бұндай жағдайда Ұсыныстың мағынасы мен қолданылуы сондай келісімшарттардың шарттарымен белгіленеді.
5.4. Осы Келісімшарт Қайырымдылық жасаушының Қайырымдылық көмегі Қордың Банктік шотына түскен сәттен бастап жасалған болып саналады (осы Ұсыныстың акцептелуі).
5.5. Қор себептерін түсіндірмей, Қайырымдылық жасаушыға Қордың шотына түскен ақшаны қайтару арқылы кез келген уақытта Қайырымдылық көмектен бас тартуға құқылы.
5.6. Ұсынысты орналастыру орны мына мекенжай бойынша орналасқан Қордың электронды ресурсы болып табылады: https://teachforqazaqstan.org/ru
5.7. Осы Ұсыныста көзделмеген барлық мәселелерде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.