
Біз өмірінің 2 жылын әлсіз контекстегі мектептерде білім беруге арнағысы келетін әртүрлі саладағы мұғалімдерді, жас және тәжірибелі мамандарды шақырамыз, таңдаймыз, оқытамыз және қолдаймыз.
Біз БАЛАЛАРҒА үлгі бола алатын, олардың ӘЛЕУЕТІН АШУҒА көмектесетін, балаларға жай ғана мұғалім емес, тәлімгер және дос бола алатын КӨШБАСШЫЛАРДЫ іздейміз.

Қордың құндылықтары
Білім беруде теңсіздікке әкелетін қандай сын-қатерлер бар?
Алғашқы жұмыс күллі халықты өзгерте алады ма?
Teach for Qazaqstan ҚҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауына ие.


Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және Педагогтың кәсіби стандарты бойынша жұмыс істейміз.
Біздің іріктелген қатысушыларымыз Педагогтің білімін бағалау ұлттық тестілеуінен өтеді. Педагогикалық қайта даярлау аяқталғаннан кейін жобаның финалистері арнайы сертификат алады.

Teach for All
Teach for Qazaqstan 2007 жылы құрылған Teach For All жаһандық ұйымының идеясы мен үлесінен шабыт алады.
Ұйым 62 тәуелсіз серіктес ұйымдардан тұрады, олардың әрқайсысы өз елдерінде білім беру теңдігіне қол жеткізу үшін жұмыс істейді.
2023 жылдың мамыр айында Teach for Qazaqstan Teach for All-дың толыққанды серіктесі болды, бұл Қазақстанда бағдарламаның табысты дамуына және жылдам масштабталуына ықпал ететін халықаралық білім беру тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.
Қатысушының 2 жылдық жолы



