Teach for Qazaqstan-ға қалай қатысуға болады?

Бағдарламаға қатысушы болып тіркелу үшін бірнеше қадам жасау ғана қажет.
1 қадам
Бағдарлама талаптарына сай болу
2 қадам
Іріктеу конкурсынан өтіп, өзіңізді көрсете білу
3 қадам
Жазғы оқудан өту. Бәрекелді, Сіз бағдарламаға қатысушы болып тіркелдіңіз!

Үміткерге қойылатын талаптар

  • 2023-2024 жылғы оқу жылына дейін аяқталған жоғары білім (бакалавриат/магистратура)
  • 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап толық жұмыс күні уақытымен істеуге дайын болу (бұл талап магистратураның, докторантураның күндізгі бөлімінде оқып немесе қосымша жұмыс істеп жүргендерге қатысты емес)
  • Көшуге/тұрар мекенін ауыстыруға дайын болу
  • Қазақстан Республикасының азаматы болу
  • Бағдарлама мұғалімдеріне арналған жазғы институт оқуына дайын болу

Саған қандай пайдасы бар?

Қазақстандағы бірегей бағдарламаға қатысушы болып тіркелесің
Жазғы институтта педагогикалық қайта даярлаудан өтесің
Бағдарламадан өту кезінде стипендия беріледі
Мектепте жұмыс істеудің ерекше тәжірибесін меңгересің
Мүдделес таныстар тауып, араласар ортаңды кеңейтесің
Бағдарламаға қатысу үшін әрбір үміткер іріктеу конкурсынан өту керек.

Іріктеу конкурсы – әртүрлі бағалау құралдары арқылы бағдарлама талаптарына толыққанды лайық кандидаттарды анықтайтын бірқатар шаралар.

1 кезең
2 кезең
3 кезең
4 кезең

Құрметті үміткер, өтінімді толтыруды бастамас бұрын, міндетті түрде пәннің (мектепте бергіңіз келетін пән) мамандығыңызға сәйкестігін тексеруіңізді сұраймыз. Ол үшін "Мектепте оқыту үшін пәнді таңдау нұсқаулығы" бөліміне өтіңіз.

Бірінші кезең 3 бөлімнен тұрады: Онлайн
Сауалнамаға жауап беру
үміткер сауалнамада берілген барлық сұраққа жауап беруге тиіс, білімі, мектептегі, жоғары оқу орнындағы жетістіктері, жұмыс тәжірибесі жөнінде толыққанды жауап жазуы керек.
Мотивациялық эссе
үміткер бағдарламаға қатысуға не үшін ниет еткенін, нақты себебін жазатын жазба. Өзіңіз ең жақсы деп бағалайтын қырыңызды, бағдарламадан не күтетініңізді және осы бағдарлама арқылы өзіңіз қандай жетістікке жетемін деп ойлайтыныңызды ашып жазуға кеңес береміз.
Кейс тапсырмаларын шешу
мектепте болатын әртүрлі жағдайлармен байланыстырылып құрастырылған тапсырмалар. Үміткер құрылымдық тұрғыдан, дәйектеп әртүрлі жағдайда қандай шешім қабылдайтыны жөнінде жазып шығады.
1-кезеңдегі өтінімді толтыруға 1,5 сағаттай уақыт берілген. Өтінімді толтыруды соңға сәтке қалдырмаңыз. Себебі – комиссия бұл құжатты өздеріне түскен бойда тексереді.
Бейне-сұхбат Онлайн

Бейне-сұхбат арнайы дайындықты қажет етпейді және онлайн режімде өтеді. Сұхбат үміткердің әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстайтынын және тәжірибесін бағалауға бағытталған сұрақтардан тұрады. Бұл кезеңнің мақсаты – үміткер бағдарламаға қатысушы болуға лайық па және үміткерге бағдарлама лайық па деген сұрақтарға нақты жауап табу.

Бетпе-бет жүздесе отырып өткізіледі және 3 бөлімнен тұрады: Офлайн
Үй тапсырмасы
сынақ сабақ дайындау. Толыққанды сабақ үлгісін дайындау және бақылаушылар алдында өткізу. Сабақтың құрылымы, түсіндірмесі, тапсырмасы нағыз сабақ жоспарына сәйкес болуы қажет. Мұндай сабақ уақытының ұзақтығы қысқа болуы мүмкін.
Топтық тапсырма
әр үміткердің мықты және әлсіз жақтарын бағалауға көмектесетін топтық тапсырма. Жаттығу барлық қатысушымен бірге өткізіледі, бұл дегеніміз – топпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Сұхбат
үміткермен танысуға, қосымша ақпараттар сұрауға мүмкіндік беретін қарапайым әңгіме-сұхбат.
Пән бойынша білімі жөнінде сұхбат Онлайн

тәжірибелі оқытушы-әдіскерлер алдағы уақытта мектепте өзіңіз сабақ беретін пән бойынша біліміңізді тексере алады.

Іріктеу конкурсынан өткен үміткерлермен бағдарламаның кейінгі іс-шараларына қатысу үшін келісімшарт жасалады.
Іріктеу кезеңінің бірінен өте алмаған үміткерлер келесі кезеңге жіберілмейді.
Іріктеу конкурсының ашық және әділдігін қамтамасыз ету мақсатымен мектепте білім беру жөніндегі маман-сарапшылардан Конкурс комиссиясы жасақталып, ассессмент құрастырылады.
Әр кезеңнің нәтижесін сайттан көруге болады. Сондай-ақ үміткерлердің электронды поштасы мекенжайына хабарлама жіберіледі.
Іріктеу конкурсы 2023 жылдың ақпан айынан бастап, 2023 жылдың сәуір айына дейін өткізіледі.
Іріктеу конкурсына қатысу өтінімдері 2023 жылдың 3 наурызына дейін қабылданады.