Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 31 қаңтарына дейін жалғасады

Teach for Qazaqstan-ға қалай қатысуға болады?

Бағдарламаға қатысушы болып тіркелу үшін бірнеше қадам жасау ғана қажет.
1 қадам
Бағдарламаның талаптарына сай болыңыз
2 қадам
Конкурстық іріктеуден өтіп, өзіңіздің ең жақсы екеніңізді дәлелдеңіз
3 қадам
Жазғы Институтта педагогикалық қайта даярлаудан өтіңіз. Алақай! Сіз бағдарлама қатысушысысыз!

Үміткерге қойылатын талаптар

  • 2025-2026 оқу жылының басына қарай аяқтаған жоғары білімнің (бакалавр/магистратура) болуы
  • Таңдалған оқыту пәнінің жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкестігі. Толығырақ сілтемесі бойынша
  • Бағдарлама шарттарына сәйкес мектептерде ұстаздық тәжірибесі бар және қазіргі уақытта ұстаз болып жұмыс атқарып жүрген үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысуға қабылданбайды. Бұл шарттың себебі: Бағдарламаның негізгі мақсаты – облыс мектептерінде жұмыс істеуге жаңа мұғалімдерді дайындау.
    * Шарт репетиторларға және колледждерде/университеттерде оқытушыларға қолданылмайды.
  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мұғалім ретінде толық жұмыс күні жұмыс істеуге дайын болу.
    * Бұл күндізгі бөлімде магистратурада, докторантурада оқуды немесе басқа жұмыспен қоса атқаруды жоққа шығарады.
  • Ауылға, аудан орталықтарына, моноқалаларға көшуге дайын болуы.
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  • Бағдарламаға қатысушылар үшін жазғы педагогикалық қайта даярлаудан өтуге дайын болуы.

Сіз не аласыз?

Қазақстандағы бірегей бағдарламаның қатысушысы болу мүмкіндігі
Жазғы Институт шеңберінде педагогикалық қайта даярлаудан өту
Мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен мансабы
Пайдалы таныстықтар және нетворкинг
Қатысушы ретінде 2 жыл бойы шәкіртақы алу
Конкурстық іріктеу Бағдарламаның барлық үміткерлері үшін міндетті процесс.

Сіз әртүрлі бағалау құралдарын қамтитын көп сатылы іріктеу процесінен өтуіңіз керек. Бұл Бағдарламаға қатысу үшін ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуға көмектеседі.

Өтінім беру
1 кезең
2 кезең

Құрметті үміткер, сауалнаманы толтыруды бастар алдында, міндетті түрде пәннің (мектептегі оқытудың қалаулы пәні) Сіздің мамандығыңызға сәйкестігін салыстырып тексеруіңізді сұраймыз. Толығырақ «Мектепте оқыту үшін пәнді таңдау бойынша нұсқаулық» бөлімінде.

Өтінім беру
3 бөліктен тұрады: Онлайн
Үміткер анкетасын толтыру

Сайттағы нұсқаулыққа сәйкес, анкетаның барлық қажетті өрістерін толтырыңыз. Өзіңіздің жеке деректеріңізді көрсетіңіз, біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз жайлы ақпаратпен бөлісіп, жетістіктеріңіз туралы айтып беріңіз. Бұл бізге Сізді жақсырақ тануға көмек береді.

Анкетаны толтыруға арналған уақыт көлемі ≈ 30 - 45 минут

Қабілеттер тесттері

Сіздің келесі когнитивтік қабілеттеріңізді бағалауға көмек беретін 2 тест тапсырыңыз:

  • Сөз ақпаратын талдау;
  • Абстрактылы (дерексіз) ойлау.

Тесттерді өтуге арналған уақыт көлемі ≈ 60 минут

* Интернеттегі тегін тесттердің үлгілерімен қосымша жаттығуға кеңес береміз.

Бейне-сұхбат (қажет болған жағдайда)

Сұхбаттан өту үшін арнайы дайындық қажет емес. Сұхбат алушы Сіздің пікіріңізді, көзқарасыңызды және әр түрлі жағдайлардағы мінез-құлқыңызды білу үшін ашық сұрақтар қояды.

Бейне-сұхбаттың ұзақтығы ≈ 60 минут

1-кезеңдегі өтінімді толтыруға 1,5 сағаттай уақыт берілген. Өтінімді толтыруды соңға сәтке қалдырмаңыз. Себебі комиссия бұл құжатты өздеріне түскен бойда тексереді.
3 бөліктен тұрады: Онлайн
Сынақ сабағы

Алдын ала жолданған нұсқаулық пен үлгіні пайдалана отырып, таңдаған пәніңіз бойынша сынақ сабағын әзірлеңіз. Сабақтың құрылымын, түсіндіруді және тапсырмаларды шынайы жағдайларға сай етуге тырысыңыз.

Сынақ сабағын өткізуге арналған уақыт көлемі ≈ 15 минут

Топтық жаттығу

Сізге басқа үміткерлермен бірге ортақ тапсырманы орындау бойынша бірлескен жұмыс жасау керек болады.

Топтық жаттығудың ұзақтығы ≈ 50 минут

Рөлдік ойын

Рөлдік ойын барысында Сізге өзіңізді мұғалім кейпінде елестетіп, берілген жағдай бойынша шешім ұсыну керек болады.

Рөлдік ойынның ұзақтығы ≈ 30 минут

Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлермен Бағдарламаның шарттары көрсетілген Келісімшарт жасалады.
Іріктеу кезеңінің бірінен өте алмаған үміткерлер келесі кезеңге жіберілмейді.
Конкурстық іріктеудің ашық және әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мектеп және білім беру саласының мамандары мен асессорлардан тұратын Конкурстық комиссия құрылады.
Әр кезеңнің нәтижесін сайтта «Нәтижелер» бөлімінде көруге болады.
Конкурстық іріктеу 2025 жылдың желтоқсан және қаңтар айларында өткізіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін созылады.