Teach for Qazaqstan: жиі қойылатын сұрақтарға деген жауаптар

Бағдарламаға қалай қосылуға болады?

Жобаға қатысу үшін сайтта тіркеліп, арнайы сауалнаманы толтыру қажет.

Іріктеудің барлық кезеңдерін, сондай-ақ оқытудың алғашқы екі айын онлайн форматында өтуге болады. Алайда, практикалық дағдыларға назар аударатын оқытудың соңғы кезеңінде кандидаттар офлайн қатысуы кажет.

Иә, еңбек өтілі бар мұғалімдер де бағдарламаға тіркеле алады.

Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен жағдайда мынадай құжаттар топтамасы сұралады: кәсіптік білім туралы диплом, сотталмағандығы туралы анықтама және жеке басын растайтын құжаттар.

Қажет болған жағдайда тізім толықтырылуы мүмкін.

Бағдарламаға бакалавр дәрежесі бар немесе 2023 жылдың шілдесінде ЖОО-ны бітіретін барлық кәмелетке толған адамдар қатыса алады.
Іріктеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін қатысушы педагогикалық қайта даярлау бағдарламасына қабылданады. Оқу серіктес университетте мамыр айынан тамыз айына дейін созылады.
Иә, бағдарламаға қатысу үшін бакалавр дәрежесі немесе 4-курстың түлегі болуы қажет.
Ағылшын тілін білу міндетті шарт емес, бірақ негізгі деңгейдің болуы құпталады.

Бағдарламаға қатысу арқылы сіз қызықты педагогикалық тәжірибе аласыз, өңірлерде әлеуметтік жобаларды іске асыруға үлес қосасыз, сондай-ақ Teach for All жаһандық қауымдастығының бір бөлігі атанасыз.

Сонымен қатар, педагогикалық қайта даярлаудан және екі жылдық тәжірибеден өткеннен кейін барған өңіріңізде мұғалім ретінде жұмысты жалғастыра аласыз.

Ауылдық жерлердегі мұғалімдердің жалақысы қаладағы оқытушыларға қарағанда 25%-ға жоғары.
Іріктеу мен оқытудың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін бағдарлама қатысушыларды серіктес мектептерде жұмысқа орналастыруды көздейді. Екі жыл бойы жоба тәлімгерлік және коучингтік қолдау көрсетеді, сіздің жобаларыңызды іске асыруға жәрдемдеседі, оқыту жүргізеді.
Міндеттемелер туралы шарт 2 жылға жасалатын болады. Бағдарламаға қатысқаннан кейін мұғалім серіктес мектептердің бірінде жұмыс істеу және бағдарлама ұсынатын тренингтен өту үшін сол аймаққа көшеді. Сондай-ақ, осы кезеңде қатысушы ұйымның миссиясы мен құндылықтарына сәйкес болуы қажет.
Сіз келісімшартты бұзуға және бағдарламадан кетуге толық құқылысыңыз. Алайда, шартты бұзуды жоспарлау кезінде қатысушы бағдарламадан шыққанға дейін шарттың ең минималды талаптарын орындауға міндетті. Ерекшелік ретінде жеке форс-мажорлар мен күтпеген жағдайлар саналады.
Білім беру бағдарламасы жергілікті контекст пен халықаралық трендтердің ерекшеліктерін ескере отырып, дәлелді педагогика, конструктивизм және гуманистік көзқарас негізінде құрылады. Практикалық бағдарлаудың барлық пәндері жұмыста қолданылады.
Біздің бағдарлама бойынша қайта даярлау курсынан өткеннен кейін сіз мектепте толық жұмыс істеуге құқылы болатын сертификат аласыз. Сондықтан сізге қосымша біліктіліктен өтудің қажеті жоқ. Егер сіз мектепте жұмыс істеуді жоспарласаңыз, онда 3-5 жылдық жұмыс тәжірибесінен кейін барлық тиісті процедураларды орындау арқылы біліктілігіңізді арттыра аласыз.