Teach for Qazaqstan серіктестері


«Teach for All» ҮЕҰ-ның негізі 2007 жылы қаланған. Негізін қалаушылар: «Teach for America» ҮЕҰ (1989 жылы негізі қаланған) – Венди Копп и «Teach First» ҮЕҰ (2003 жылы негізі қаланған) – Брeтт Уигдорц.
Teach For All – жергілікті орындарда басқарылатын 61 тәуелсіз серіктес ұйым мен желінің дамытуды жылдамдату бойынша жұмыс істейтін жаһандық ұйым желісі.
Teach For All – әлеуметтік жағдайы төмен қоғамдастықтардағы балалар бетпе-бет келетін күрделі мәселелерді шешуге бағдарланған ауқымды білім беру қозғалысы. Желідегі әрбір серіктес ресурстары шектеулі өз елдеріндегі мектептерде сабақ беруге болашағынан үміт күттірер көшбасшыларды жинап, жан-жақты дамытумен айналысады.
«Teach for All» ҮЕҰ мен «Teach for Qazaqstan» ҚҚ арасында серіктестік жөніндегі меморандумға 2022 жылы қазанда қол қойылды. «Teach for All» ҮЕҰ меморандум аясында жобаны іске қосуға методикалық қолдау көрсетеді. Жоба толыққанды іске қосылған соң, «Teach for Qazaqstan» ҚҚ «Teach for All» ҮЕҰ-мен серіктестік қатынас сатысына өтеді.
Материалдар - https://teachforall.org сайтынан алынды.

McKinsey Kazakhstan таланттарды дамыту, өсіру және Қазақстан болашағын қалыптастыру үшін бизнес көшбасшылары және мемлекеттік секторлармен әріптестік орнатқан.
McKinsey Kazakhstan 2005 жылдан бастап қоғамның барлық секторын қайта құру үшін жергілікті компаниялармен, трансұлттық корпорациялармен және Орталық Азиядағы мемлекеттік мекемелермен бірлікте жұмыс істейді. McKinsey Kazakhstan-ның жобалары өсу стратегиясынан бастап, операциялық трансформация, маркетинг, сату қызметіне дейінгі барлық қызмет саласын қамтиды. McKinsey Kazakhstan Орталық Азия өңірінің жергілікті талантты балаларын жан-жақты дамытып, көшбасшыларын қалыптастыруға, келер кезең болашағын айқындауына көмектесуге тырысады.
Материалдар - https://www.mckinsey.com/kz/overview сайтынан алынды

Сулейман Демирель атындағы университет 1996 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Түркияның тоғызыншы Президенті Сулейман Демирельдің қатысуымен ашылған. Университеттің стратегиялық даму жоспары – елдегі және бүкіл Орталық Азиядағы Халықаралық үлгідегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болу.
SDU білім беру қызметін Алматы қаласындағы Орбита ықшамауданындағы шағын ғимаратта бастап, кейін Қаскелең қаласына көшіп, орнықты. Онда ауданы 40 000 ш.м болатын заманауи кампусы, барлық талапқа сай, ауданы 20 000 ш.м болатын жатақханасы салынған. Бүгінде SDU штатында 271 профессор бар. Білім ордасында 8000 студент оқиды.
Университет өзіндік Мультидисциплинарлық орталыққа ие, сондай-ақ 4 факультеті бар:
- Инженерия және Жаратылыстану ғылымы факультеті;
- Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті;
- Педагогика және Гуманитар ғылымдар факультеті;
- Бизнес мектебі.
Материалдар - https://sdu.edu.kz/ru/o-nas/сайтынан алынды.
Бізді қолдағандар:

