Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 31 қаңтарына дейін жалғасады

Teach for Qazaqstan серіктестері Серіктес болу

Enactus ұлттық кеңсесі командалардың қызметін үйлестіріп, кәсіпкер студенттер қауымдастығын дамытады. Enactus Қазақстан студенттерге бүкіл ел бойынша университеттік команда құруға және оларды ілгерілетуге көмектеседі. Enactus студенттері адамдарға өз өмірін жақсартуға және қатысушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus оқытушылары мен іскери серіктестері студенттерге басшылық жасайды және командалардың тәлімгері болады.
Mugalim – Қазақстанның мектептеріне кәсіби жан-жақты жетілген мұғалімдер даярлауды 2017 жылдан бастап қолға алған ауқымды жоба. Жобаның басты бағдары – еліміздегі білім беру сапасын көтеру арқылы болашақта халықтың әлеуетін арттыру.
HR Association Kazakhstan негізгі мақсаты адам ресурстарын басқару саласында тәжірибе алмасу, үздік әлемдік стандарттарды енгізу, адам ресурстарын басқару бойынша қазақстандық менеджерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту.
SDU University материалдық-техникалық базаны нығайтуға, халықаралық серіктестермен байланысты ретке келтіруге және білікті кадрларды дайындауға қабілетті ірі білім және ғылым мекемелерінің бірі болып табылады. Университеттің стратегиялық жоспарында оның Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Азияда мойындалған әлемдік абыройы бар жетекші жоғары оқу орнына айналуы қарастырылған.

HeadHunter — Similarweb рейтингісіне сәйкес, әлемдегі жұмыс пен қызметкерлер іздеу бойынша ең ірі сайттардың бірі. Платформа жұмыс берушілерге лайықты қызметкерлерді, ал жұмыс іздеушілерге — жақсы бос орындар табуға мүмкіндік бере отырып, түрлі қолжетімді платформаларда озық технологиялар әзірлейді.