Жаңалықтар

01 қыр. 2025
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді.
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді. Енді оған еліміздің тағы үш өңірі – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары қосылады.
Бұл кеңею – біздің ортақ мақсатымызға қарай жасалған маңызды қадам. Яғни, еліміздің әрбір баласы, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білімге және жарқын болашаққа қадам жасауға мүмкіндік алуы қажет.

01 қыр. 2025
Жазғы Институттың бітіру кеші қалай өтті?
Алты аптаға созылған жаңалықтарға толы, шешімдер мен өзара қолдауға негізделген бағдарлама өз мәресіне жетті! Әрбір қатысушы қайта даярлаудан өткені туралы сертификат алды.
Маңызды тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сессия өткізген спикерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ, қонақ дәрістері үшін бірінші және екінші легінің қатысушыларына рахмет. Сіздердің арқаларыңызда Жазғы Институт нағыз тәжірибе, кәсіби өсу және шабыт мектебіне айналды.
Жазғы лагерьді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктес мектептерге бөлек алғысымызды айтамыз:
– Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп (Новоузенка ауылы)
– №11 мектеп (Новодолинский кенті).

01 қыр. 2025
21 маусым күні Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы легінің бітіру кеші өтті – 2025!
Бұл күні біз екі жыл бойы балалардың жанында болып, білім беріп қана қоймай, шабыт сыйлаған 22 қатысушымызды шығарып салдық. Атмосфера өте жылы, маңызды әрі толқынысқа толы болды.
Teach for Qazaqstan бағдарламасы құрылған күннен бастап біздің басты серіктесіміз – Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асып келеді. Дәл осы сенім мен үлестің арқасында биылғы бітіру кеші мүмкін болды.
Ерекше алғысымызды Астана халықаралық мектебіне білдіреміз – қолдау көрсетіп, бітіру салтанатын өткізу үшін есігін айқара ашқаны үшін.

05 шіл. 2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті. Бұл кеште бізбен бірге 1 және 2 лек қатысушылары, бағдарламаның командасы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ қымбатты қонақтарымыз – спикерлер, білім саласындағы сарапшылар мен Қордың достары болды...