Teach for Qazaqstan: жиі қойылатын сұрақтарға деген жауаптар

Жалға берілетін тұрғын үйдің құны елді мекенге, осы елді мекен ішіндегі орынға, тұру жағдайларына және жалға алушылар санына байланысты
Қор әртүрлі елді мекендердің мектептерімен ынтымақтасады, осыған байланысты тұру жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін. Айта кету керек, қатысушы дамымаған инфрақұрылымға тап болуы мүмкін
Бұл мәселені серіктес мектеппен сұхбат жүргізу кезінде жеке-жеке нақтылауды ұсынамыз. Бұл ретте мектептерде оқу басталғанға дейін бір апта бұрын (1 қыркүйекке дейін) сол аймаққа көшіп, өзіңе баспана тапқаныңызды ескере отырып келу ұсынылады.
Бағдарлама серіктес мектептерде бар бос орындарға жұмысқа орналастыруды көздейді. Таңдаудың шектелуіне байланысты, өкінішке қарай, біз кепілдік бере алмаймыз, алайда бұл мүмкін болатын жерде әрбір қатысушының қажеттіліктерін ескеруге тырысамыз
Қарағанды облысының серіктес мектептерімен ынтымақтастық келесі жылы да жалғасатын болады. Сондай-ақ жаңа аймақ қосылады. Бірақ кандидаттарды бөлу Қордың қалауы бойынша емес, өңірлерде бос жұмыс орындарының болуы негізінде жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Осыған байланысты сіздің іріктеуден сәтті өткен жұбайыңыз басқа аймаққа жіберілетін жағдай болуы мүмкін. Сонымен қатар Қор қатысушылардың мектепті ауыстыру идеясын қолдамайтындығы туралы хабарлағым келеді. Бағдарламаның бірінші жылы қатысушыларды өздерінің жаңа мектептеріне маман ретінде бейімдеуді көздейді, ал екінші жылы олар жобаларды іске асыруға және жұмыс орнында көшбасшылық қоғамдастық құруға назар аударады.
Иә, мүмкін. Алайда біз кандидаттардың жұбайларының және/немесе балаларының көшуге дайындығын ескеруді сұраймыз. Қор Қатысушыны және оның жақындарын мүмкіндігінше қолдайды, бірақ тағайындалған стипендияға қосымша материалдық көмек қарастырылмаған
Жоқ, іріктеуден өткен жағдайда кандидаттар Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы Бағдарламаның серіктес мектептеріне жіберіледі
Жоқ. Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптардың бірі - көшуге дайын болу
Жоқ, Қор баспана бермейді. Әрбір қатысушы өзінің жалақысы мен стипендиясына сүйене отырып, тұрғын үй шығындарын өз бетінше жабады. Бұл ретте Бағдарлама тұрғын үй іздеуде қолдан келгенше көмек көрсетеді