Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 31 қаңтарына дейін жалғасады

Teach for Qazaqstan: жиі қойылатын сұрақтарға деген жауаптар

Қор осы критерий бойынша кандидаттарды шектемейді, алайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда №20619 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес 12-тармақтың 3-тарауы "педагогтер өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімдегі іскерлік стильді ұстануға тиіс"
Қор негізінен күрделі әлеуметтік контексті бар мектептерде бос орындарды табуға көмектеседі. Мұндай мектептер ауылдық жерлерде де, қалаларда да таңдалуы мүмкін
Қор кандидатпен бірге көшіп жүрген ерлі-зайыптыларды немесе өзге де адамдарды жұмысқа орналастырумен айналыспайды, алайда Қормен байланысы бар өңір ұйымдарында жаңа әлеуетті қызметкер туралы хабарлай отырып, жәрдемдесуге дайын. Бұл ретте сұхбат пен одан әрі коммуникациялардағы белсенділік әлеуетті қызметкер тарапынан дербес құрылады деп күтілуде
Ауылдық жерлердегі жалақы қалалық жалақыдан 25% жоғары
Қазақ тілін білу қажет (жергілікті ортаға интеграциялау үшін), бірақ міндетті емес. Сонымен қатар Қор үштілділік саясатын ұстанады және барлық қатысушылардың бірнеше тілде сөйлеуін қамтамасыз етуге тырысады
Іріктеудің барлық кезеңдерінен, педагогикалық қайта даярлау бағдарламасынан және ПББ міндетті ұлттық тестілеуден (педагог білімін бағалау) сәтті өткен Финалист 2 жылға 2 шарт жасасады:

1. "Teach for Qazaqstan" ҚҚ-мен Бағдарламаға қатысу туралы шарт.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде серіктес мектеппен еңбек шарты
Жоқ, өкінішке қарай, мектепті таңдау тек Қатысушының қалауына негізделе алмайды. Біз Қатысушыларға қолайлы бос жұмыс орындарының болуына сүйене отырып, Қатысушыларды тек Қарағанды облысындағы серіктес мектептерге жібереміз
Иә, Қатысушы шартты бұзуға және кез келген кезеңде Бағдарламадан кетуге толық құқылы. Алайда бұзуды жоспарлау кезінде мектеп әкімшілігі мен Қорды алдын ала, кем дегенде 1 ай бұрын хабардар ету қажет. Бұл ретте Қор болашақта Бағдарламаға қатысуды шектеу құқығын өзіне қалдырады.
Биыл біз Қатысушыларды Қарағанды облысындағы серіктес мектептерге жібереміз
Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын оқытуды қоспағанда, аталған қызметті жұмыспен қамтудың немесе оқытудың басқа түрімен ұштастыру Қор мақұлдаған кезде ғана мүмкін болады. Қосымша жұмыспен қамтуды келісу Қатысушының өтініші бойынша Қор басшылығына Бағдарламаға қатысуды оқытумен ұштастыру туралы жазбаша нысанда жүргізіледі
Жоқ, мүмкін емес, өйткені Қатысушы Қордың серіктес мектебінде толық жұмыспен қамтылған жағдайда жұмыс істейді