Артқа
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті
05.07.2024

Кештің салтанатты бөлімінде TFQ басты серіктестері Freedom Shapagat Қоры сөз сөйледі.
Сонымен қатар Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайымен Ынтымақтастатық меморандумына қол қойылды.
Жазғы институттың ашылуы шеңберінде қонақтар «Менің мектептегі алғашқы жылым» көрмесін тамашалады. Көрмеде мектепте жұмыс істеген алғашқы жылы жайында ерекше әрі шабыттандырушы оқиғаларымен бөліскен Teach for Qazastan бағдарламасы 1 лек қатысушыларының еңбектері ұсынылды.
Іс-шара жылы бейресми бөліммен тәмамдалды, онда келгендердің бәрі бір-бірімен еркін жағдайда әңгімелесіп, өз ойларымен бөлісіп, жаңа байланыстар орната алды.
TFQ осы мерекені бізбен бірге бөліскен барлық қонақтарға зор алғысын білдіреді, ал қатысушыларға біздің Жазғы Институтымызда жемісті әрі қызықты уақыт тілейді.

Последние новости

01 қыр. 2025
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді.
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді. Енді оған еліміздің тағы үш өңірі – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары қосылады.
Бұл кеңею – біздің ортақ мақсатымызға қарай жасалған маңызды қадам. Яғни, еліміздің әрбір баласы, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білімге және жарқын болашаққа қадам жасауға мүмкіндік алуы қажет.

01 қыр. 2025
Жазғы Институттың бітіру кеші қалай өтті?
Алты аптаға созылған жаңалықтарға толы, шешімдер мен өзара қолдауға негізделген бағдарлама өз мәресіне жетті! Әрбір қатысушы қайта даярлаудан өткені туралы сертификат алды.
Маңызды тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сессия өткізген спикерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ, қонақ дәрістері үшін бірінші және екінші легінің қатысушыларына рахмет. Сіздердің арқаларыңызда Жазғы Институт нағыз тәжірибе, кәсіби өсу және шабыт мектебіне айналды.
Жазғы лагерьді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктес мектептерге бөлек алғысымызды айтамыз:
– Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп (Новоузенка ауылы)
– №11 мектеп (Новодолинский кенті).

01 қыр. 2025
21 маусым күні Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы легінің бітіру кеші өтті – 2025!
Бұл күні біз екі жыл бойы балалардың жанында болып, білім беріп қана қоймай, шабыт сыйлаған 22 қатысушымызды шығарып салдық. Атмосфера өте жылы, маңызды әрі толқынысқа толы болды.
Teach for Qazaqstan бағдарламасы құрылған күннен бастап біздің басты серіктесіміз – Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асып келеді. Дәл осы сенім мен үлестің арқасында биылғы бітіру кеші мүмкін болды.
Ерекше алғысымызды Астана халықаралық мектебіне білдіреміз – қолдау көрсетіп, бітіру салтанатын өткізу үшін есігін айқара ашқаны үшін.