Артқа

Teach for Qazaqstan Қорына - 1 жыл!

28 қыр. 2023
Teach for Qazaqstan Қорына - 1 жыл!

Бүгін біз маңызды сәт - Teach for Qazaqstan қорының 1 жылдық мерейтойын атап өтеміз! 

Осыдан бір жыл бұрын, 2022 жылдың 28 қыркүйегінде біздің тарихымыз басталды. Біз үлкен армандар мен амбициялардан бастадық, содан бері елдегі білім беру теңсіздігін азайту үшін тынымсыз жұмыс істеп келеміз.

Осы уақыт ішінде біз идеяларымен және оқуға деген құштарлығымен бізді шабыттандырған керемет адамдарды кездестірдік.

Біз айналамыздағы әлемнің қалай өзгеретінін, қандай жетістіктерге жеткенімізді, қандай қиындықтарды жеңгенімізді және әлі де көп нәрсені қалай жасау керектігін байқаймыз.

Қатысушыларымыз күн сайын мектепте жұмыс істеуге шешім қабылдауда, олар өздері үшін де, балалар үшін де армандаған мұғалімдер болып қала береді. Біз Қор мүшелері мен серіктестерімізді мақтан тұтамыз. Бізді қолдайтын және миссиямызбен бөлісетіндердің барлығына рахмет!

Алда әлі көп жұмыс бар, бірақ Сіздердің қолдауыңызбен және біздің ұмтылысымызбен біз балалардың теңдей білім алуға себепші болатынымызға сенімдіміз!