Teach for Qazaqstan жобасының даму жоспары
Біз 2023 жылы жоба ісін бастауды жоспарлап отырмыз
- Бағдарламаға қатысушылар арасынан 50 үміткерді іріктеп алу
- 1 облыс, 15 мектеппен серіктестік орнату
- 7500 оқушыны қамту
- Мектептерге кем дегенде 50 мұғалімді жұмысқа орналастыру
Мына мамандықтар бойынша педагогикалық қайта даярлау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу:
- ағылшын тілі мұғалімі;
- орыс тілі мұғалімі;
- қазақ тілі мұғалімі;
- тарих мұғалімі;
- география мұғалімі;
- информатика мұғалімі;
- математика мұғалімі;
- биология мұғалімі;
- физика мұғалімі;
- химия мұғалімі.
Бағдарлама қатысушыларын қолдайтын әдіскерлер мен жеке жаттықтырушылар дайындау бағдарламасын әзірлеу.
Серіктес мектептердің басшы топтарымен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу.
2024 жылдың жоспары
- Бағдарламаға қатысушылар арасынан 100 үміткерді іріктеп алу
- 2 облыс, 45 мектеппен серіктестік орнату
- 22 500 оқушыны қамту
- Мектептерге кем дегенде 150 мұғалімді жұмысқа орналастыру
Мына мамандықтар бойынша педагогикалық қайта даярлау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу:
- бастауыш сыныптар мұғалімі;
- бейнелеу өнері мұғалімі;
- дене шынықтыру мұғалімі;
- ән-күй мұғалімі;
- инклюзив білім беретін тьютор.
2025 жыл біз үшін өте маңызды жыл болмақ: бағдарламаның 1-кешені жарыққа шығады. Біз мұнымен тоқталмақ емеспіз
- Бағдарламаға қатысушылар арасынан 125 үміткерді іріктеп алу;
- 3 облыс, 60 мектеппен серіктестіктік орнату;
- 25 000 оқушыны қамту;
- Мектептерге кем дегенде 250 мұғалімді жұмысқа орналастыру.
Қосымша білім беруге педагогикалық қайта дайындау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу.