Teach for Qazaqstan жобасының даму жоспары

Біз 2023 жылы жоба ісін бастауды жоспарлап отырмыз
  • Бағдарламаға қатысушылар арасынан 50 үміткерді іріктеп алу
  • 1 облыс, 15 мектеппен серіктестік орнату
  • 7500 оқушыны қамту
  • Мектептерге кем дегенде 50 мұғалімді жұмысқа орналастыру
Мына мамандықтар бойынша педагогикалық қайта даярлау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу:
  • ағылшын тілі мұғалімі;
  • орыс тілі мұғалімі;
  • қазақ тілі мұғалімі;
  • тарих мұғалімі;
  • география мұғалімі;
  • информатика мұғалімі;
  • математика мұғалімі;
  • биология мұғалімі;
  • физика мұғалімі;
  • химия мұғалімі.
Бағдарлама қатысушыларын қолдайтын әдіскерлер мен жеке жаттықтырушылар дайындау бағдарламасын әзірлеу.
Серіктес мектептердің басшы топтарымен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу.
2024 жылдың жоспары
  • Бағдарламаға қатысушылар арасынан 100 үміткерді іріктеп алу
  • 2 облыс, 45 мектеппен серіктестік орнату
  • 22 500 оқушыны қамту
  • Мектептерге кем дегенде 150 мұғалімді жұмысқа орналастыру
Мына мамандықтар бойынша педагогикалық қайта даярлау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу:
  • бастауыш сыныптар мұғалімі;
  • бейнелеу өнері мұғалімі;
  • дене шынықтыру мұғалімі;
  • ән-күй мұғалімі;
  • инклюзив білім беретін тьютор.
2025 жыл біз үшін өте маңызды жыл болмақ: бағдарламаның 1-кешені жарыққа шығады. Біз мұнымен тоқталмақ емеспіз
  • Бағдарламаға қатысушылар арасынан 125 үміткерді іріктеп алу;
  • 3 облыс, 60 мектеппен серіктестіктік орнату;
  • 25 000 оқушыны қамту;
  • Мектептерге кем дегенде 250 мұғалімді жұмысқа орналастыру.

Алғашқы түлектер – кем дегенде, бағдарламаның 45 қатысушысы

Қосымша білім беруге педагогикалық қайта дайындау ісінің оқу бағдарламасын әзірлеу.