Артқа
Қазақстандағы білім беру теңсіздігі: себептері, салдары және ықтимал шешімдері
20.04.2023
Білім беру теңсіздігі Қазақстандағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Мемлекет білім беруді дамытуға айтарлықтай ресурстар жұмсағанымен, білімге қол жетімділік пен оның сапасында әлі де теңсіздік бар. Бүгін еліміздің барлық тұрғындарына әсер ететін Қазақстан мен әлем үшін маңызды мәселе туралы айтқымыз келеді.
Рейтингтегі орын
Білім беру теңсіздігі — жақын арада Қазақстанға әсер етуі мүмкін мәселе. Ол туралы түсінік қалыптасу үшін ең алдымен бүгінгі күнгі жағдайымызды қарастырайық. Дүниежүзілік экономикалық форумының рейтингіне сәйкес, Қазақстан білім деңгейі бойынша әлемнің 148 елінің ішінде 88-орында тұр. Сапалы білім — бәсекеге қабілетті ұлттың негізі, өкінішке орай, бұл әлемнің 80-нен астам елінің балалары бізден жақсы білім алады дегенді білдіреді.
Халықтың демографиялық өсуі (статистика)
Біздің елімізде 2021-2022 оқу жылының басында 7,6 мың мектеп есепке алынған, ал оның 2,3 мыңы қалалық жерлерде, 5,3 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан, деп атап өтті Ranking.kz. Үлкен айырмашылыққа қарамастан, қалалық мектептерде балалар көп — барлық оқушылардың 56%-ы оқиды. Мұндай алшақтықтың басты себептерінің бірі — аймақтарда қажетті жабдық пен білікті мұғалімдердің болмауы.
Білім сапасының төмендігі
Оқушының білім сапасы мұғалімінің білім сапасына тікелей байланысты. Мұнда да біраз мәселе байқалады. Forbes Қазақстан дерегі бойынша, педагогикалық оқу орындарын соңғы 5 жылда 200 000-нан астам студент бітірген. Алайда жастар мектепке баруға асықпайды (салыстырмалы түрде жоғарырақ жалақыны ескерсек те) – 45 жастан асқан мұғалімдердің жалпы санындағы мұғалімдердің үлесі 1/3 асады, ал 24 жасқа дейінгі жастардың үлесі тек 20% құрайды.
Enbek.kz порталының деректеріне жүгінсек, Қазақстанда мұғалімдерге деген сұраныс білім беру және тәрбие саласына жататын бос жұмыс орындарының жалпы санының 9% ғана құрайды. Ал 2022 жылы мұғалімдердің тек 25%-ы ұлттық біліктілік тестілеуінде (ҰБТ) шекті балл жинаған деп хабарлайды Ustudy компаниясы (мұғалімдерге арналған ҰБТ жүргізетін мекеме).
Урбанизация
Тағы бір маңызды мәселе — жылдам урбанизация. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ол Қазақстан бойынша орташа есеппен 58,5% құрайды, ал Қарағанды облысында ең үлкен көрсеткіш — 80% екен. Бұл дегеніміз, жыл сайын ауылдық жерлерден қалаларға көшетін адам саны өсуде. Жас мамандар - педагогтар - туған ауылдарында қалмай, мегаполистерде жаңа өмір бастайды. Әрине бұл ірі қалаларда адамдардың көбеюіне, инфрақұрылымның дамуына әкеледі. Алайда, аймақтарда жағдай керісінше, адамдар арқасында жұмыс істеп тұрған экожүйе құлдырайды: жеке компаниялардың қызметкерлері, мұғалімдер, тіптен көршілерге дейін азаюда.
Көбінесе бір ғана ата-ана қалаға ақша табуға кететін жағдай туындайды. Осының салдарынан бала жылына бірнеше рет қана әкесін не анасын көріп, "толық емес" отбасында қалады. Бұл бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді, әсіресе ескеретін жайт: өңірлерде әлеуметтік белсенділік аз, қосымша білім беру үйірмелері жоқ.
Бұл сандардың барлығы жай ғана абстракты дерек емес. Олардың әрқайсысының артында адам өмірі бар. Ranking.kz мониторинг агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 3,6 млн оқушы бар екен. Бұл Латвия мен Исландия тұрғындарының қосындысынан да көп. Бұл дегеніміз, баланың барлығы тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білім алуға құқылы екенін білдіреді.
Шешім
Teach for Qazaqstan бағдарламасы бұл мәселенің шешімін ұсынады. Біз өз елінің тұрғындарына шын жүректен көмектескісі келетін және жарқын болашақ құрғысы келетін жас, білімді мамандардың жаңа буынымен ынтымақтасамыз.
Біз кәсіби педагогикалық қайта даярлауды жүргізіп, жоғары ынталы адамдарды өңірлерге жібереміз. Олардың айтылған мәселеге атсалысуы білікті кадрлардың жетіспеушілігін шешеді.
Сондай-ақ, олар біздің қолдауымызбен балаларға өз әлеуетін ашуға, оқуға және шығармашылыққа қызығушылық пен шабыт табуға көмектесетін әлеуметтік жобалар, секциялар мен үйірмелер құра алады.
Өңірлерге мамандардың келуі инфрақұрылымдық мәселелерді жақсартуға көмектеседі және оқушыға рөлдік модель, еліктей алатын фигура сыйлайды.
Біздің қатысушылар еліміздің барша өңіріндегі мектеп оқушыларына жақсы білім бере алатынына, дағдыларды сапалы дамыта алатынына және дұрыс бағытта әлеуетін ашуға көмектесетініне сенімдіміз.

Последние новости
26 жел. 2025
TFQ-дың алғашқы Alumni-ретриті: өсуге, бірігуге және жүйелі өзгерістерге арналған орта
Teach For Qazaqstan алғашқы Alumni-ретритін өткізіп, бағдарламаның бірінші лекінің түлектерін, екінші лекінің қатысушыларын және Teach For All жаһандық желісінен келген қонақтарды бір алаңға жинады. Екі күндік кездесу тәжірибе мен мағыналарды тоғыстырып, Қазақстандағы білімнің болашағына деген ортақ көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.
07 қар. 2025
Отбасылық фестиваль «АЙНА» — әр баланың әлеуетінің айнасы
Абай қаласындағы екі мектепте «АЙНА» отбасылық фестивалі өтті. Балалар мен ата-аналар өзін және бір-бірін тереңірек танып, сенім мен түсіністікке жол ашты.
Толығырақ фестиваль атмосферасы мен қатысушылардың әсерлері туралы оқыңыз.
01 қыр. 2025
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді.
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді. Енді оған еліміздің тағы үш өңірі – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары қосылады.
Бұл кеңею – біздің ортақ мақсатымызға қарай жасалған маңызды қадам. Яғни, еліміздің әрбір баласы, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білімге және жарқын болашаққа қадам жасауға мүмкіндік алуы қажет.
01 қыр. 2025
Жазғы Институттың бітіру кеші қалай өтті?
Алты аптаға созылған жаңалықтарға толы, шешімдер мен өзара қолдауға негізделген бағдарлама өз мәресіне жетті! Әрбір қатысушы қайта даярлаудан өткені туралы сертификат алды.
Маңызды тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сессия өткізген спикерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ, қонақ дәрістері үшін бірінші және екінші легінің қатысушыларына рахмет. Сіздердің арқаларыңызда Жазғы Институт нағыз тәжірибе, кәсіби өсу және шабыт мектебіне айналды.
Жазғы лагерьді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктес мектептерге бөлек алғысымызды айтамыз:
– Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп (Новоузенка ауылы)
– №11 мектеп (Новодолинский кенті).
01 қыр. 2025
21 маусым күні Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы легінің бітіру кеші өтті – 2025!
Бұл күні біз екі жыл бойы балалардың жанында болып, білім беріп қана қоймай, шабыт сыйлаған 22 қатысушымызды шығарып салдық. Атмосфера өте жылы, маңызды әрі толқынысқа толы болды.
Teach for Qazaqstan бағдарламасы құрылған күннен бастап біздің басты серіктесіміз – Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асып келеді. Дәл осы сенім мен үлестің арқасында биылғы бітіру кеші мүмкін болды.
Ерекше алғысымызды Астана халықаралық мектебіне білдіреміз – қолдау көрсетіп, бітіру салтанатын өткізу үшін есігін айқара ашқаны үшін.