Білім берудегі теңсіздікті жоюға бағытталған бағдарлама. Біздің бағдарлама әр баланың қадір-қасиеті мен даралығы құрметтелетін қауіпсіз орта құрады.

Біз екі жылын өңірлік мектептерде сабақ беруге арнауға дайын түрлі сала мамандарын іріктейміз, оқытамыз және сүйемелдейміз.
Біз БАЛАЛАР ҮШІН үлгі бола алатын, олардың ҚАБІЛЕТІН АШУҒА көмектесетін, балалар үшін жай ғана мұғалім емес, тәлімгер әрі дос болатын КӨШБАСШЫЛАРДЫ іздейміз.

Біз отбасының әлеуметтік жағдайы, туған жері және материалдық ахуалы баланың болашағын айқындамауы тиіс екендігіне сенеміз. Біз тең білімнің балаларға өмірдегі өз жолын таңдауда шынайы мүмкіндік бере алатынына сенімдіміз.
Қордың құндылықтары
Білім беруде теңсіздікке әкелетін қандай сын-қатерлер бар?
Ауыл баласы нені армандайды?
Бұл бейнеде біз Dope Söz достарымызбен бірге Қарағанды облысының серіктес мектептерінің біріне барып келдік. Dope Söz командасы бағдарлама қатысушыларымен кездесіп, олардың өмірі қалай қалыптасқанын, қандай қиындықтарға тап болғанын және осы уақыт ішінде қандай сабақ алғанын түсіну үшін сұхбаттасты.
Бірақ ең бастысы біз осы ауылдың балаларымен сөйлестік, олардың не туралы армандайтынын, ересек өмірде немен айналысуды жоспарлап жатқанын және осы керемет жаста қалай өмір сүріп жатқанын білдік.
Видеоны біздің достарымыз, Dope Soz командасы Ғабиден Мұстафин кентіндегі арнайы жоба аясында түсірді. Түпнұсқасы [Dope Soz youtube-арнасында] қолжетімді
Teach for Qazaqstan ҚҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауына ие.


Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және Педагогтың кәсіби стандарты бойынша жұмыс істейміз.
Біздің іріктелген қатысушыларымыз Педагогтің білімін бағалау ұлттық тестілеуінен өтеді. Педагогикалық қайта даярлау аяқталғаннан кейін жобаның финалистері арнайы сертификат алады.

Teach for All
Teach for Qazaqstan 2007 жылы құрылған Teach For All жаһандық ұйымының идеясы мен үлесінен шабыт алады.
Ұйым 62 тәуелсіз серіктес ұйымдардан тұрады, олардың әрқайсысы өз елдерінде білім беру теңдігіне қол жеткізу үшін жұмыс істейді.
2023 жылдың мамыр айында Teach for Qazaqstan Teach for All-дың толыққанды серіктесі болды, бұл Қазақстанда бағдарламаның табысты дамуына және жылдам масштабталуына ықпал ететін халықаралық білім беру тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.
Қатысушының 2 жылдық жолы





