Teach for Qazaqstan: жиі қойылатын сұрақтарға деген жауаптар
Егер мен ағымдағы жылы "педагогтың білімін бағалау" (ПББ) ұлттық тестілеуден өте алмасам, келесі ағымға конкурстық іріктеу кезеңдерінсіз қатыса аламын ба?
Өкінішке орай, жоқ. ПББ тапсыру мемлекеттік мектептерге жұмысқа орналасудың міндетті шарты, бұл ретте ПББ тапсыруға 2 мүмкіндік беріледі. ПББ тапсыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет, сонымен қатар Қор осы емтиханға дайындалу үшін барлық жағдай жасайды. Екі талпыныстың қорытындысы бойынша ПББ емтиханын тапсыра алмаған жағдайда, қатысушы Бағдарламаның серіктес мектептеріне жұмысқа орналаса алмайды.
Жұмыс істеп жүрген педагогтарға қатысуға бола ма?
Жоқ, кандидаттарды іріктеудің жаңартылған критерийлеріне сәйкес қазіргі педагогтар бағдарламаға қатыса алмайды. Алайда педагогикалық білімі бар, бірақ педагогикалық қызметте жұмыс тәжірибесі жоқ адамдар Бағдарламаға қатысуға құқылы. Бұл ретте осы санатқа қатысушылар саны бойынша шектеулер бар екенін атап өткен жөн.
Бағдарламаға қатысу үшін педагогикалық білім қажет пе?
Жоқ, қажет емес. Бағдарламаның негізгі идеясы - басқа қызмет салаларынан білікті үміткерлерді тарту арқылы білім берудегі теңсіздікті азайту, осылайша бұл адамдар кейіннен өз тәжірибелері мен дағдыларына негізделген мектептерде өзгерістер енгізеді, балаларды шабыттандырады және мектеп оқушыларының әлеуетін ашады
Бағдарламаға қатысу үшін ең төменгі GPA деңгейі қандай?
Бағдарламаға қатысу үшін GPA бойынша нақты критерий жоқ. Іріктеу кезінде GPA емес, адамның құзыреттілігі мен әлеуеті ескеріледі. Көбінесе академиялық табыс жұмыстағы тиімділіктің кепілі болмайды, сондықтан біздің Қор аясында мұғалімдерді даярлау үшін іріктеу тобы көптеген басқа факторларды ескереді
Кандидат өзіне сәйкес тақырыпты қалай анықтайды?
Кандидаттар Бағдарламаның ресми сайтында скринингтен өте алады. Егер скринингтен кейін сұрақтар туындаса, сіз TFQ ресми электрондық поштасына жаза аласыз және біз сіздің транскиптіңізді талдаймыз. Сондай-ақ педагогикалық қайта даярлау үшін мемлекеттік талаптар бойынша бейіндік білім алу қажет екенін ескеру қажет
Іріктеу қаншалықты ашық, нәтижелерді қайдан көруге болады?
Іріктеудің әр кезеңінде нәтижелерді бағалау үшін бағалаушылар, бағалау саласындағы сертификатталған мамандар тартылатын болады. Әр кандидат кездейсоқ іріктеу әдісімен бағалаушыға түседі. Конкурстық комиссия кезінде тәуелсіз бақылаушылар тартылады, олар комиссияның қызметін және жалпы іріктеудің барлық рәсімдерін қадағалайтын болады. Іріктеу нәтижелері барлық арналарда жарияланатын болады: Бағдарламаның әлеуметтік желілері, Бағдарламаның ресми сайты, сондай-ақ әрбір кандидатқа хат жіберілетін болады
Егер өтінімдерді қабылдау кезеңінде кандидат Қазақстанда болмаса, ол өз құжаттарын қалай тапсыра алады?
Teach for Qazaqstan бағдарламасына өтінім беру үшін және конкурстық іріктеудің 1 және 2-кезеңдерінен өту үшін кандидаттың Қазақстан аумағында болуы міндетті емес. Талап етілетіні — Бағдарламаның веб-сайтына өтіп, сауалнаманы/өтінімді онлайн толтыру
Кандидаттар Бағдарламаға іріктеуге қатысу үшін қандай тілде құжаттарды тапсыруы керек?
Сауалнаманы қазақ немесе орыс тілдерінде толтыруға болады
Бағдарламаға қатысудың негізгі талаптары қандай?
Конкурсқа Қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы, бакалавриат немесе магистратура бағдарламасының түлегі дипломының болуы және көшуге дайын болуы
Іріктеу қандай форматта өтеді?
Конкурстық іріктеу 3 кезеңде өтеді:
1 кезең - кандидат жеке кабинетте сауалнама толтырып, мотивациялық эссе жазуы керек.
2 кезең - екі бөлімнен тұрады: қабілеттілік сынақтары (ауызша ақпаратты талдау және дерексіз ойлау қабілеті) және бейне сұхбат.
3 кезең - үш бөлімнен тұрады және Қазақстанның түрлі қалаларында күндізгі форматта өтеді. Сынақ сабағын дайындау, топтық жаттығуда тапсырманы орындау және құзыреттілік бойынша сұхбат алу қажет.
Барлық қажетті ақпарат Қордың ресми сайтындағы "Үміткерлерге" қосымша бетінде ("Конкурстық іріктеу" және "Кандидаттың жолы" бөлімдері) мына сілтеме бойынша орналасқан: https://teachforqazaqstan.org/ru/page/challenger
1 кезең - кандидат жеке кабинетте сауалнама толтырып, мотивациялық эссе жазуы керек.
2 кезең - екі бөлімнен тұрады: қабілеттілік сынақтары (ауызша ақпаратты талдау және дерексіз ойлау қабілеті) және бейне сұхбат.
3 кезең - үш бөлімнен тұрады және Қазақстанның түрлі қалаларында күндізгі форматта өтеді. Сынақ сабағын дайындау, топтық жаттығуда тапсырманы орындау және құзыреттілік бойынша сұхбат алу қажет.
Барлық қажетті ақпарат Қордың ресми сайтындағы "Үміткерлерге" қосымша бетінде ("Конкурстық іріктеу" және "Кандидаттың жолы" бөлімдері) мына сілтеме бойынша орналасқан: https://teachforqazaqstan.org/ru/page/challenger
Бағдарламаға қатысу үшін қандай білім қажет?
Бағдарламаға жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар кандидаттар қатыса алады. Бұл ретте жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері серіктес мектептерде жұмысқа орналасу басталғанға дейін диплом алған жағдайда Бағдарламаға қатысуға іріктеуден өте алады
Бағдарламаға қатысу үшін жас шектеулері бар ма?
Жоқ, Бағдарламаға қатысу үшін жас шектеулері жоқ
Ағылшын тілінде мотивациялық эссе жіберуге бола ма?
Жоқ, өтінімдер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады