TFQ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АЙҚЫНДЫҒЫ
- Шағын қалалар мен ауылдар
- Шеткері аудандардағы оқшауланған ауылдар
- Осы облыс аумағында орналасқан өңірлік қалалар.
Қазіргі таңдағы шынайы ахуал қандай? - Мәселенің теориясы
Дүниежүзілік банк 2019 жылы жүргізген зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда қалалық және ауылдық өңірлердің арасында орасан зор теңсіздік бар:
«Байлық/кедейлік, еңбекке қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының күйі, сондай-ақ негізгі қызметтерге қолжетімдік бойынша айтарлықтай айырмашылықтар өңірлік және ауылдық / қалалық шекараларда орасан зор. Ауылдық өңірлерде білім беру сапасы төмен, орташа табыс деңгейі де төмен, таза су мен санитарияға қолжетімдік айтарлықтай шектеулі, ғимараттар нашар жылытылады, жергілікті жолдардың сапасы нашар және кедейлік деңгейі жоғары».
- БҰЛ ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ ТЕҢСІЗДІКТІ ТУДЫРАДЫ?
-
Мүмкіндіктер тең сияқты көрінеді, себебі барлық оқушылар мектепке барады, бірдей пәндерді оқиды, бірдей ұлттық оқу бағдарламасы бар және бірдей ҰБТ тапсырады. Алайда, әр оқушының шыққан жері отбасы немесе тұратын орнына сәйкес әртүрлі болып табылады, бұл берілген мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті бермейді.
Ауылдық және қалалық өңірлерде PISA және ҰБТ ұпайларының айырмашылығының дәлелі ретінде мыналарды айтуға болады:
- PISA тестінде жинаған ұпайлардың айырмашылығы «ауылдық оқушылар мен олардың қалалық құрдастарының арасындағы білім айырмашылығы шамамен бір оқу жылын құрайтынын» көрсетті.
- ҰБТ: «2020 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша оқуын жалғастыру үшін оқушылар кем дегенде 70 ұпай жинауға тиіс болатын. Ауыл мектеп түлектерінің жартысына жуығы осы шектен аса алмады».
- «Академиялық жетістіктерді, EAEA SE сыртқы бағалау ауылдық және қалалық оқушылардың арасындағы білім айырмашылығы жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2012 жылы ауылдық оқушылар қалалық құрдастарынан 1,82 ұпайға артта қалса, онда 2018 жылы бұл айырмашылық 7,08 ұпайды құрады». Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, білім сапасы экономикалық дамуды белгілейтін негізгі фактор екенін көрсетті. 110 елдің экономикалық дамуының детерминантын талдау Gennanioli және басқалары географияның, білім деңгейінің, институттар мен мәдениеттің әсерін тексеріп, білім деңгейі елдер арасында, сондай-ақ елдің ішінде табыстар деңгейінің айырмашылығын түсіндіретін ықпалдылығы жоғары ауыспалы мән екенін анықтады. Авторлар білім деңгейі «өңірлік дамуды белгілейтін маңызды фактор және өңірлік айырмашылықтардың айтарлықтай үлесін түсіндіретін жалғыз фактор» деген қорытынды жасады.
- БІЗ НЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГІМІЗ КЕЛЕДІ?
-
Біз оқушыларға өз дауысын, өз бірегейлігін білдіруді, қоғамдастықпен, сонымен қатар сыртқы әлеммен байланысын көрсетуді үйреткіміз келеді. Бұл олардың білім алуға ынтасы мен қызығушылын арттырады және өз әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектеседі.
Біздің оқушыларымыз келесілерді үйренеді:
- өзін көрсету және өзінің ой-пікірін дәлелдеу;
- басқа адамның қуанышы мен қайғысына ортақтаса ала отырып, тиімді тілдесу;
- бір-бірімен және қоғамдастықпен тиімді ынтымақтастық ету;
- жетекшілік рөлдерін өз мойнына алу;
- шығармашылық және критикалық ойлану;
- сөзі мен әрекетіне ұқыпты әрі адал болу;
- өзіне деген сенімділік пен табандылықты дамыту.
- БҰҒАН ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?
-
Біз жетекші және халықаралық университеттердің түлектерін / көшбасшыларын және әртүрлі қызмет саласындағы мамандарды қабыладаймыз және іріктейміз. Біз іріктеп алынған үміткерлерді аккредиттелген ұстаздар бола алатындай оқытамыз. Біз оларды ауылдық мектептерге екі жылға жұмысқа орналастырамыз.
Олардың тапсырмасы – мектепке қолдау көрсету:
- өз пәнін аптасына кем дегенде 16 сағат оқыту;
- оқушыларға ынтымақтасу және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беру;
- оқушылардың мүдделеріне және мектептің қажеттілігіне негізделген қосымша үйірмелер өткізу;
- оқушыларға білім беру үшін мұғалімнің біліміне негізделген жаңа тәсілдерді қолдану;
- сапалы білім әлеміне жетекші болу;
- жергілікті қоғамдастық пен мектептің бір бөлігі болу.