Артқа

Кемсітушілікті қалай анықтауға болады?

27.06.2023
Кемсітушілікті қалай анықтауға болады?
Teach for Qazaqstan коммерциялық емес ұйым, қоғамдық қор әлеуметтік қызметке бағытталғандықтан, қауіпсіз қауымдастық аясында әрбір адам қажетті қорғаныс пен көмекке ие бола алатындай қолайлы орта құрудың негізгі ережелерін белгілейтін құжатты бекіту біз үшін маңызды болды. Сол себептен Толеранттылықтың кешенді саясатын жариялаймыз.


Бұл материалда біз сіздермен жағымсыз деп санайтын нәрселермен бөлісеміз бұл кемсітушіліктің кез келген түрі. Біз сіздермен аудиториямызбен ұжымдық көшбасшылықты құру туралы, жарқын болашаққа ұмтылу туралы көп сөйлесеміз. Біз әр адам құрметке лайық Тұлға деп санаймыз, сондықтан біз үшін жеке шекараны сақтау, адам құқы мен оның қадір-қасиетін құрметтеу өте маңызды. Жоғарыдағы анықтамалар сізге айналаңыздағы әлемді жақсырақ тануға және әлемдегі жамандықты сәл болса да азайтуға көмектеседі деп үміттенеміз.


Біз психологиялық қауіпсіздікті, жайлылық пен сыйластықты жақтаймыз. Біз сізге кемсітушіліктің кез келген түрімен ешқашан бетпе-бет келмеуіңізді және постымыздың тек анықтамалық ақпарат болып қала беруін тілейміз.








Виктимдеу — криминологияда қылмыс құрбанын анықтау. Ал қосалқы виктимдеу деп жәбірленушіні агрессорға қарсы шыққаны үшін айыптау жағдайы аталады.
Боссиң — басшылардың қызметкерге деген кемсітушілігі, көбінесе қорлаудың бұл түрін қызметкердің әріптестері де қолдайды.
Моббиң — қандай да бір топтың ұжымдағы (көбінесе жұмыс орнында) жеке адамға эмоционалды зорлық-зомбылық құралдарын қолданатын тиранияның бір түрі. Үрдіс жәбірленушінің дәрменсіздігімен сипатталады, себебі ол жалғыз болғандықтан және агрессорларға тәуелділікке байланысты оның ыңғайсыз орыннан кетуге мүмкіндігі жоқ.
Газлайтиң — айқын зорлық-зомбылықты немесе адам басынан кешкен басқа да нәрселерді жоққа шығару. Құнсыздандыру.
Манипуляция — басқа адамды жасырын басқару, оны сөз бен дауыс еркіндігінсіз, оның сезімдері мен эмоцияларын тану құқығынсыз жансыз ресурс ретінде пайдалану.

Оқшаулау — әр түрлі манипуляциялар арқылы ұжым басшысының адамға оның әріптестерін қарсы қоюы. Тирания түрі сөйлестірмеу арқылы және психологиялық қолдау көрсетпеу арқылы жүзеге асырылады.
Аутиң — адамның ЛГБТ қауымдастығына қатыстылығы туралы ақпаратты оның келісімінсіз жария ету.
Лукизм (ағылш. lookism, look — «сыртқы келбет» сөзінен), немесе сыртқы келбеті бойынша кемсітушілік — адамдардың сыртқы келбетін бағалау арқылы пікір қалыптастыруға негізделген біржақты көзқарас.
Мизогиния — қыздарға, әйелдерге деген жеккөрушілік, дұшпандық көзқарас.
Стигматизациялау — стигма қолдану, стереотипті әлеуметтік ен, белгі қолдану арқылы адам туралы пікір қалыптастыру.
Рокировка (алмастыру) — абьюзерді жәбірленуші деп танып, адамды зорлық-зомбылық жасады деп айыптау.

Эйблизм — денсаулық пен даму ерекшеліктері бар адамдарды кемсіту және олар туралы стереотиптерді ойлап тауып, сол туралы ақпарат тарату.
Эйджизм — адамның жасына байланысты кемсітушілік.
Харассмент — ағылшын тілінде «harassment» термині кеңірек қолданып, адамды ұятқа қалдыратын, оның қадір-қасиетін төмендететін және жеке шекарасын жүйелі түрде бұзатын кез келген әрекетті білдіреді. Харассмент көбінесе жыныстық қорлау және қудалау ретінде түсіндіріледі, дегенмен харассмент тек сексуалды мағынада ғана емес: бұл бір адамның басқа адамның осалдығын пайдаланып, оған қарсы әдейі жағымсыз әрекет жасайтын үрдіс. Осалдығы ретінде тері түсі, жыныс бағдары, денсаулығының ерекшелігі және т.б. танылып, харассмент әртүрлі сипаттағы қорлау түріне ие болуы мүмкін.
Менсплейниң — ер адамның әйел адамға кекетіп, ақпаратты түсіндіру мәнері, көбінесе ер адамның көмегінсіз әйел адам ештеңе түсіне алмайды деген кейіптегі кемсітушілік.
Слатшеймиң — әйелді "анайы" келбеті мен мінез-құлқы үшін айыптау.

Сталкиң — агрессордың жәбірленушінің артынан қалмауы, қудалаудан тұратын зорлық-зомбылық түрі.
Тілдік кемсітушілік — тіліне, екпініне немесе диалектісіне байланысты жеке адамды немесе әлеуметтік топты қабылдамау.
Расизмнәсілшілдік — адамдарды нәсілге бөлуді бекітетін және бір нәсілдің екінші нәсілден (қалғандарынан) артықшылығын растайтын идеология немесе көзқарастар жүйесі.
Империализм — бір ұлт империя болып табылатын басқару нысаны; басқа елдерді экономикалық және саяси бақылауды көздейтін, әскери күшке және территорияларды жаулап алу саясатына негізделген саяси доктрина және басқару жүйесі. Империалист — империализмді қолдайтын немесе қолданатын адам.
Шовинизм — әлемнің басқа халықтарын кемсіту, қанау және қысым көрсету құқығын негіздеуді мақсат ететін ұлттық үстемдік идеологиясы.
Колоризм — әдетте бір этникалық немесе нәсілдік топтағы адамдар арасында қара тері реңкі бар адамдарға қатысты көрсетілетін кемсітушілік.

Последние новости

Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді.
01 қыр. 2025
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді.
Жаңа оқу жылынан бастап TFQ бағдарламасы өз ауқымын кеңейтеді. Енді оған еліміздің тағы үш өңірі – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары қосылады. Бұл кеңею – біздің ортақ мақсатымызға қарай жасалған маңызды қадам. Яғни, еліміздің әрбір баласы, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білімге және жарқын болашаққа қадам жасауға мүмкіндік алуы қажет.
Жазғы Институттың бітіру кеші қалай өтті?
01 қыр. 2025
Жазғы Институттың бітіру кеші қалай өтті?
Алты аптаға созылған жаңалықтарға толы, шешімдер мен өзара қолдауға негізделген бағдарлама өз мәресіне жетті! Әрбір қатысушы қайта даярлаудан өткені туралы сертификат алды. Маңызды тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сессия өткізген спикерлерге ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, қонақ дәрістері үшін бірінші және екінші легінің қатысушыларына рахмет. Сіздердің арқаларыңызда Жазғы Институт нағыз тәжірибе, кәсіби өсу және шабыт мектебіне айналды. Жазғы лагерьді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктес мектептерге бөлек алғысымызды айтамыз: – Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп (Новоузенка ауылы) – №11 мектеп (Новодолинский кенті).
21 маусым күні Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы легінің бітіру кеші өтті – 2025!
01 қыр. 2025
21 маусым күні Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы легінің бітіру кеші өтті – 2025!
Бұл күні біз екі жыл бойы балалардың жанында болып, білім беріп қана қоймай, шабыт сыйлаған 22 қатысушымызды шығарып салдық. Атмосфера өте жылы, маңызды әрі толқынысқа толы болды. Teach for Qazaqstan бағдарламасы құрылған күннен бастап біздің басты серіктесіміз – Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асып келеді. Дәл осы сенім мен үлестің арқасында биылғы бітіру кеші мүмкін болды. Ерекше алғысымызды Астана халықаралық мектебіне білдіреміз – қолдау көрсетіп, бітіру салтанатын өткізу үшін есігін айқара ашқаны үшін.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті
05 шіл. 2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Teach for Qazaqstan Жазғы институтының ашылуы өтті. Бұл кеште бізбен бірге 1 және 2 лек қатысушылары, бағдарламаның командасы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ қымбатты қонақтарымыз – спикерлер, білім саласындағы сарапшылар мен Қордың достары болды...
Teach for Qazaqstan Қорына - 1 жыл!
28 қыр. 2023
Teach for Qazaqstan Қорына - 1 жыл!