Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 31 қаңтарына дейін жалғасады
ӘРБІР БАЛА ТЕҢ БІЛІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Тіркелу
КЕЗІНДЕ ӨЗІҢ АРМАНДАҒАН
ҰСТАЗ БОЛ
Жаһандық көшбасшылар қауымдастығына қосыл
БОЛАШАҚ МЕКТЕП ПАРТАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
О нас
Біз кімбіз?

Білім берудегі теңсіздікті жоюға бағытталған бағдарлама. Біздің бағдарлама әр баланың қадір-қасиеті мен даралығы құрметтелетін қауіпсіз орта құрады.

Біз немен айналысамыз?

Біз екі жылын өңірлік мектептерде сабақ беруге арнауға дайын түрлі сала мамандарын іріктейміз, оқытамыз және сүйемелдейміз.

Біз кімдерді іздейміз?

Біз БАЛАЛАР ҮШІН үлгі бола алатын, олардың ҚАБІЛЕТІН АШУҒА көмектесетін, балалар үшін жай ғана мұғалім емес, тәлімгер әрі дос болатын КӨШБАСШЫЛАРДЫ іздейміз.

Біз отбасының әлеуметтік жағдайы, туған жері және материалдық ахуалы баланың болашағын айқындамауы тиіс екендігіне сенеміз. Біз тең білім балаларға өмірдегі өз жолын таңдауда шынайы мүмкіндік бере алатынына сенімдіміз.

Қордың құндылықтары

Кәсіби біліктілік
Қызмет ету
Көшбасшылық
Серіктестік
Сенім

Білім беруде теңсіздікке әкелетін қандай сын-қатерлер бар?

Демографиялық өсу
Бала туу үрдісінің жоғарылауы және халықаралық көші-қон халықтың табиғи өсуіне, соның ішінде балалар санының өсуіне әсер етеді. Адамдар мен ресурстардың біркелкі бөлінбеуі теңсіздікке әкеледі.
Дамымаған инфрақұрылым
Ең басты себеп - мектептерді біркелкі қаржыландырмау, бұл апатты ғимараттарға, орындардың жетіспеушілігіне және екі-үш ауысымды оқытуға әкеледі. Дамымаған инфрақұрылымға сондай-ақ нашар жолдар, коммуналдық қызметтердің проблемалары және т.б. жатады.
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
2022 жылғы деректерге сәйкес ауылдық мектептердегі мұғалімдердің 18,5%-ы ғана жоғары біліктілік санатына ие, қалалық мектептерде - 31,2%. Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда педагогикалық қызметкерлердің тапшылығы 4 мыңға жуық.
Мұғалімдердің жетіспеушілігі
Мәселе циклді: урбанизацияның жоғары деңгейі біркелкі қаржыландырмауға, ал ол материалдық-техникалық базаның нашарлауына әкеледі. Ауылдық және аймақтық мектептер неғұрлым нашар болса, ата-аналардың "жақсы" мектептерге жақын көшу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
0
мектеп бар
0
10 мектептің 8-і ауылда. Алайда барлық оқушылардың 56%-ы қалалық мектептерде оқиды.
0
яғни еліміздің әрбір 7-ші тұрғыны – оқушы.
0
Қазақстан 148 елден білім беру жүйесінің сапасы бойынша әлемде 88-ші орында

Ауыл баласы нені армандайды?

Видеоны біздің достарымыз, Dope Soz командасы Ғабиден Мұстафин кентіндегі арнайы жоба аясында түсірді. Түпнұсқасы [Dope Soz youtube-арнасында] қолжетімді
Жобамызбен бөліс
Өтінім бер
Бізге көмектес

Teach for Qazaqstan ҚҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауына ие.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және Педагогтың кәсіби стандарты бойынша жұмыс істейміз.

Біздің іріктелген қатысушыларымыз Педагогтің білімін бағалау ұлттық тестілеуінен өтеді. Педагогикалық қайта даярлау аяқталғаннан кейін жобаның финалистері арнайы сертификат алады.

Teach for All

Teach for Qazaqstan 2007 жылы құрылған Teach For All жаһандық ұйымының идеясы мен үлесінен шабыт алады.

Ұйым 62 тәуелсіз серіктес ұйымдардан тұрады, олардың әрқайсысы өз елдерінде білім беру теңдігіне қол жеткізу үшін жұмыс істейді.

2023 жылдың мамыр айында Teach for Qazaqstan Teach for All-дың толыққанды серіктесі болды, бұл Қазақстанда бағдарламаның табысты дамуына және жылдам масштабталуына ықпал ететін халықаралық білім беру тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Қатысушының 2 жылдық жолы

Конкурстық іріктеу
Ену (Матрикуляция)
Педагогикалық қайта даярлау курстары
«Педагог білімін бағалау» тестінен өту
Бағдарламадағы 1-ші жыл
Бағдарламадағы 2-ші жыл
Үміткерлерді іріктеу барысы екі қабылдау арқылы жүреді. Конкурстық іріктеу кезінде үміткерлердің Қазақстан мектептерінде мұғалім боп жұмыс істеулері үшін әлеуеті мен ынтасы бағаланады. Қатысушыларды құрамына білім және HR салаларындағы сарапшылар, сондай-ақ тәуелсіз мамандар кіретін комиссия іріктейді.
Ену (Матрикуляция): Қатысушылар онлайн-форматта Teach for Qazaqstan экожүйесіне енуден өтеді. Олар қордың миссиясы мен құндылықтарына, ҮЕҰ мен әлеуметтік инновациялар саласындағы жұмыстың ерекшеліктеріне, білім теңсіздігі мәселелеріне, сондай-ақ өңірлерде жұмыс жасауға арналған вебинарлар мен кездесулерге қатысады.
Педагогикалық қайта даярлау курстары және «Педагог білімін бағалау» тестінен өту: Бағдарламаға қатысушылар онлайн және оффлайн форматта (Жазғы институт) жас ерекшелік психологиясы мен физиологиясы, тәрбиелеу теориясы, педагогикалық дизайн, сыныптағы менеджмент тақырыптары бойынша педагогикалық қайта даярлау курстары мен педагогикалық тәжірибеден өтеді.
«Педагог білімін бағалау» тесті қатысушыларға бағдарламаға қатысуды жалғастырып, мектепке жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы толықтай зейін қоюды талап ететінін атап өткен жөн: оффлайн бөлігі – Жазғы институт 40 күнге жуық жалғасады.
Бағдарламаның бірінші жылы: Қатысушылар әрдайым екі түрлі қолдау таба алады: кураторлық және әдістемелік. Сондай-ақ оффлайн және онлайн форматтарында педагогикалық машықтарды жақсарту бойынша білімдік сүйемелдеу көзделген. Бірінші жылы қатысушылар жобаларының алғашқы идеяларының нышандары пайда болады.
Бағдарламаның екінші жылы: Қатысушылар балалар мен жергілікті қауымдастыққа арнап, өздерінің әлеуметтік, мәдени жобаларын іске асырады, мұндай жобалар өз өзгерістерін енгізеді. Сондай-ақ бұл кезеңде олар келешек мансаптық даму ретінде оларды қызықтыратын кәсіби бағытын таңдап, сол бойынша білім алады: мұғалімдік және/немесе бапкерлік, білім берудегі менеджмент, әлеуметтік инновациялар және кәсіпкерлік, зерттеу қызметі және т.б. Кураторлық пен әдістемелік көмек жалғасады.

TFQ Серіктестері

Біз миссиямызды жүзеге асыруда көмек көрсеткен партнерлерімізге ризашылығымызды білдіреміз.