Артқа

2023 жылғы TFQ Жазғы институтының салтанатты ашылуы

04 шіл. 2023
2023 жылғы TFQ Жазғы институтының салтанатты ашылуы
3 шілдеде біз Teach for Qazaqstan жазғы институтының ашылуын Сүлейман Демирель университетінде ерекше атап өттік. SDU - жобамыздың финалистерін педагогикалық қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жағынан TFQ-дың басты серіктесі болып табылады.

Салтанатты гала-кеште TFQ бірінші ағымының қатысушылары мен қызметкерлері, Қамқоршылар кеңесі, спикерлер мен білім беру саласындағы сарапшылар бізбен бірге болды. Кеш ұжымдық көшбасшылық, бірлескен даму және қоғамдастық атмосферасына толы болды.

Түрлі ойын, адал бәсекелестік, викторина мен жайлы әңгіме кештің сәнін келтірді. Оған қоса бірінші ағымның әрбір қатысушысы болашаққа армандары мен ұмтылыстарына толы хат жазып, уақыт капсуласына салды. Екі жылдан кейін біз капсуланы ашып, басымыздан өткен таңғажайып саяхатқа куә болу үшін тағы кездесеміз деген үміттеміз.

Кеш соңында барша қонақ билеп, күліп, әңгіме-дүкен құрды. Бұл көтеріңкі көңіл мен лаулап келе жатқан достықтың шынайы дәлелі болды.

Гала-кешті сәндендірген адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз! Жылы лебіз бен энтузиазмдарыңыздың арқасында бізге қанат бітуде!