«Айна» — құндылықтар, диалог және өзін-өзі тану туралы отбасылық фестиваль
«Айна» фестивалі — бұл қатысушылар бірге әр түрлі белсенділік таныту арқылы өз-өздерін, өздерінің басқалармен қарым-қатынастарын және қоғамдағы рөлін зерделей алатын оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге арналған кеңістік.
Өткізілетін орны: Қарағанды облысы
Көзделген аудитория: 5–7 сынып оқушылары және олардың ата-аналары
Өткізіле бастаған жыл: 2025
Жобаның сандары:
300+ қатысушы • 7 мектеп • 5 тақырыптық алаң
Күнделікті мектеп өмірінде бір сәтке тоқтап, нағыз маңызды нәрселер – сезім, құндылықтар, отбасы, болашақ туралы сөйлесуге мүмкіндік бола бермейді. «Айна» сондай кеңістік береді.
Фестивальдің «айна» деген атауы оның мәнін білдіреді: қатысушылар өз-өздеріне және бір-біріне сыртынан қарағандай болады. «Менің тамырларымнан» «Ықпал ету толқынына» дейінгі тақырыптық алаңдар арқылы олар өздерінің кім екендерін және айналасына қалай ықпал ететін ұғынып, жекеден қоғамдыққа қарай өтеді.
Фестиваль дәрістерге емес, тәжірибеге: сөйлесуге, тапсырмаларға, шығармашылыққа негізделген. Бұл қатысушыларға тақырыптарды жай естіп қана қоймай, оларды сезінуге және бастан өткізуге көмек береді.
Фестивальдің көмегі:
- сезімдер мен құндылықтар жайлы айтуды үйрену
- бір-бірін есту – балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге
- отбасы және мектеп қауымдастығы ішінде ара қатынасты нығайту
- сенім мен ашықтық ахуалын қалыптастыру
Жобаны қалай қолдауға болады?
- сарапшылар мен тәлімгерлердің (менторлардың) қатысуы
- фестивальдардың өткізілуін қаржылай қолдау
- мектептермен және қауымдастықтармен серіктес болу
Последние новости