Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Ақпаратты жинау және өңдеумен «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) айналысады.

«Тіркеу» бастырмасына өту арқылы Сіз жеке деректеріңізді (бұдан әрі - «Деректер») Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қорға жинауға және өңдеуге (жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иеліктен шығаруға, блоктауға және жоюға) келісім бересіз.

 

Жинауға қажетті деректер тізімі:

  • Аты, жөні, тегі
  • Туған күні, айы және жылы
  • Білімі мен біліктілігі туралы ақпарат
  • Жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат
  • Елі, аймағы және тұрғылықты жері туралы ақпарат
  • Жетістіктері мен марапаттары туралы ақпарат

Қор «Teach for Qazaqstan» бағдарламасы аясында тек конкурстық іріктеу үшін Деректерді пайдалануға кепілдік береді.

Кейбір веб-сайттарымыз бен қосымшаларымызда cookie файлдары пайдаланылады. Бұл сіздің онлайн әрекеттеріңізді жазу үшін компьютеріңізге жіберетін сайттың шағын мәтіндік файлдары. Бұл файлдар біздің сайттарымыз бен қосымшаларымызды пайдаланған кездегі сіздің қажеттіліктеріңізді сақтау үшін және сайттарымыз бен қосымшаларымыздың кейбір аспектілерін жақсарту үшін пайдалануы мүмкін.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау үшін коммерциялық тұрғыдан сенімді шаралар қабылдаймыз. Бұл шаралар сіздің деректеріңізге рұқсатсыз кіру немесе жария ету қаупін азайтуға арналған үрдістер мен рәсімдерді қамтиды. Дегенмен, біз тәртіп бұзушылардың сіздің жеке деректеріңізді теріс пайдалануын толығымен жоққа шығаруға кепілдік бере алмаймыз. Тіркеуден кейінгі құпия сөзіңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз және оны өзгеге жарияламаңыз. Құпия сөзіңіздің рұқсатсыз пайдаланылғанын немесе қауіпсіздіктің басқа да бұзылуын байқасаңыз, дереу бізге хабарласыңыз.

Қор жиналған деректің құпиялылығына кепілдік береді, барлық Деректер жалпылама және анонимді түрде пайдаланылады.

Қор міндетті түрде деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңдейді.

Бұл келісімнің жарамдылығы шектеусіз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жазбаша өтінішіңіз негізінде келісім кез келген уақытта қайтарып алынуы мүмкін.