Артқа

TFQ I ағымы Жазғы институтының аяқталуы

12.08.2023
TFQ I ағымы Жазғы институтының аяқталуы
1 қыркүйек - алғашқы қоңыраудың соғылып, ұлдар мен қыздардың мектеп есігін ашатын уақытқа, міне, небәрі бір аптадай қалды! Ал сол кез бүлдіршіндермен бірге біздің финалистер де мұғалімдік жолға түспек.

Жаз бойы біз олардың Suleyman Demirel University базасында педагогикалық қайта даярлаудан өтіп жатқаны туралы әңгімелерімен бөлістік. Қорытындылау уақыты келіп жеткен секілді.

Педагогикалық қайта даярлау дегеніміз не? Бұл белгілі бір мамандығы бар, бірақ мұғалім мамандығын алғысы келетіндерге арналған арнайы бағдарлама. Мұндай бағдарламалар білім беру саласында жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Осылайша шілде айында арнайы тестілеу - Педагогтердің білімін бағалауды тапсырып, финалистеріміз мектепте жұмыс істеуге құқылы болды.



Статистикаға жүгінсек, қатысушыларымыз:
- 40 күн таңнан кешке дейін, дүйсенбіден сенбіге дейін оқыпты
- 45 кредиттен өткен
- 4 лагерь және 400-ге жуық баламен жұмыс істеген
- 20 спикердің семинарларынан өткен

және 39-ы педагогикалық қайта даярлау бойынша сертификатталған.

Педагогикалық қайта даярлаудың қандай артықшылықтары бар? Бұл педагогикалық біліктілікке ие болудың, мұғалім болудың салыстырмалы түрде жылдам әдісі. Біздің бағдарламамыздың арқасында қатысушылар оқыту әдістемесі бойынша білім алды, пед.коммуникация, балалар құқығы, эмоционалды интеллект, жұмсақ дағдылар, суретке түсіру, адам құқықтарын қорғау және т. б. салаларындағы әртүрлі спикерлерден ақпарат алды.

Биыл - Teach for Qazaqstan жобасы аясындағы алғашқы оқу жылы. Біз болашаққа үлкен үмітпен қараймыз: осы жаз және қатысушылардың алғашқы командасы әлемді өзгертетіндей үлкен нәрсенің бастамасы болсын деп тілейміз.

Последние новости

Жоба дегеніміз не?
13 сәу. 2026
Жоба дегеніміз не?
Жобалар – бұл Бағдарлама қатысушыларының мектептегі білім жүйесін дамыту мен жақсартуға бағытталған білім беру, зерттеу немесе әлеуметтік бастамалары.
«Alaqan» - инклюзивті мектеп ортасын құруға бағытталған жоба.
10 сәу. 2026
«Alaqan» - инклюзивті мектеп ортасын құруға бағытталған жоба.
«Alaqan» — бұл мектепті әр бала өзін қабылданған, құнды әрі дамуға қабілетті сезінетіндей орын ету туралы жоба.
«Климаттық білім беру және көшбасшылық» — білім беру үдерісіне климат мәселелерін интеграциялауға арналған жоба.
10 сәу. 2026
«Климаттық білім беру және көшбасшылық» — білім беру үдерісіне климат мәселелерін интеграциялауға арналған жоба.
Бағдарлама педагогтар мен оқушыларға климат сынақтарын түсінуге және оқуда шешімдерді енгізуге көмектеседі. Teach for All қолдауымен іске асырылады.
"Педагогтарды қолдау бағдарламасы" — мұғалімдердің дамуы мен тұрақтылығына арналған қауымдастық.
30 нау. 2026
"Педагогтарды қолдау бағдарламасы" — мұғалімдердің дамуы мен тұрақтылығына арналған қауымдастық.
Бағдарлама мұғалімдер тоқтап, дем алатын және қолдауды сезіне алатын кеңістік құрады.
«Saqta» — қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілікке арналған экологиялық фестиваль.
13 нау. 2026
«Saqta» — қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілікке арналған экологиялық фестиваль.
«Saqta» фестивалі жасөспірімдерге экологиялық сұрақтар әр адамның күнделікті әрекеттерінен басталатынын көруге көмектеседі.