Отбасылық фестиваль «АЙНА» — әр баланың әлеуетінің айнасы
2025 жылдың 29 және 31 қазанында Абай қаласындағы Teach For Qazaqstan серіктес мектептері — Нұркен Абдиров атындағы мектеп пен Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп «АЙНА» отбасылық фестивалі өтті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты, олардың қатарында 5–7 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар болды.
Фестиваль барысында қатысушылар отбасылық құндылықтар, эмоциялар және қоғамдағы әр тұлғаның рөлі туралы әңгімелесті. Бағдарлама аясында дәстүрлер, эмоциялық интеллект, өзара құрмет пен қоғамға қосқан жеке үлес тақырыптарында түрлі интерактивті аймақтарда жұмыс жүргізілді.
«“АЙНА” фестивалі балаларға өзін тануға және басқаларды түсінуге мүмкіндік береді. Ол бүкіл отбасы үшін құнды әрі біріктіруші тәжірибе», — деп бөлісті қатысушылар.
Бұған дейін фестиваль Шахтинск қаласында, Новодолинский және Габиден Мұстафин ауылдарындағы серіктес мектептерде өткен.
«АЙНА» фестивалі ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар бірлескен даму мен қолдауға негіз болатын сенімді орта қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл Teach For Qazaqstan қорының басты миссияларының бірі — әр бала өзінің әлеуетін аша алатын қауіпсіз әрі шабыттандыратын орта құру.
Последние новости